Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстанда тағы бір үшем дүниеге келді

Шымкентте салмақтары сегіз келі шамасында болатын үшем дүниеге келді. Бұл облыс бойынша жыл басынан бергі дүниеге келген екінші үшем, деп хабарлайды Stan.kz, ОҚО әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гүлжанат Пердебаеваның енді 5 баласы бар. Ұл мен қыздың анасы үшем болатынын төрт айлық кезінде білген. Жас ана үш ұл баланы наурыздың 5 күні ота жасау тәсілімен босанған.

Дәрігерлердің айтуынша, 35 аптада, айы – күні толмай туылған сәбилердің салмағы 2400 грамм, бойы – 45 см, 2600 грамм, бойы –  46 см, 2700 грамм – бойы 48 см екен. Бір аптадан аса уақыттың ішінде салмақ қосып, жағдайлары жақсарған, дейді дәрігерлер.

Үшемнің ата-анасы Мұхтар мен Гүлжанат Шардара ауданының тұрғындары. Енді оларды бала көбейгендіктен тұрғын-үй мәселесі толғандыра бастағанын айтады. Олар мемлекеттің көмегіне үміт артып отыр.

Елубаевтар әулетінде дүниеге келген үш атұстарға ата – әжелері ырымдап Ерасыл, Нұрасыл, Жанасыл деген ат қойған. Олар осыдан үш жыл бұрын атажұртқа Өзбекстаннан көшіп келген.

Тағы оқыңыз:

Алматыда үш әйелді қатігездікпен өлтіріп, біреудің мүлкін өртеген қылмыскердің ісі сотта қаралуда

Бұл не масқара: ШҚО әкімі өңірді суға кетірген басшыларға шүйлікті 

ЖОО-ға қосымша гранттар туралы ақпарат қашан шығатыны белгілі болды

Зорлық болмаған: 1-сынып оқушысына қорлық көрсетті деген іске нүкте қойылды

 

Талқылау