Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да полицейлер екі тұрғынды өрттен құтқарып қалды

Оңтүстік Қазақстан облысында полицей қызметкерлері екі жергілікті тұрғынды лаулаған өрттен құтқарып қалды. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

фффф

2016 жылы 10 мамырда Шардара аудандық полиция басқармасының үш қызметкері полиция аға лейтенанты Б. Кеңесов пен С. Аязханов және полиция майоры М. Нұржанов өз өмірлерін қатерге тігіп, Шардара қаласының тұрғындарын құтқарып қалды. Осы күні сағат 17.00 шамасында Б. Кеңесов пен С. Аязханов арнайы тапсырманы орындауға бара жатып, Қазыбек би көшесіндегі көпқабатты үйдің екінші қабатында балконнан шығып жатқан өртті байқап қалады.

ыыыы

Тәртіп сақшылары дереу көмекке ұмтылып, пәтердің темір есігін бұзуға талпынады. Алайда ішінде адам қалып кетуі мүмкін пәтердің есігі іштен кілттеніп қалған екен. Осы уақытта полицей Аязханов көрші үйден балта алып келеді. Бұл арада Кеңесов те Шардара аудандық өрт сөндіру бөліміне де хабарласып қояды.

ыыцццц

Инспектор Нұржановпен бірге полицейлер балта арқылы есікті ашады. Үйге кірген тәртіп сақшылары ес-түссіз жатқан түтіндеп кеткен бөлмеден екі бірдей ер адамды алып шығып, далада алғашқы көмек көрсетеді. Олар үйдің қожайындары 1985 және 1980 жылы туған азаматтар екен. Алдын-ала деректер бойынша өрт сөндірілмеген темекі тұқылынан шыққан болуы мүмкін.

Шардара аудандық полиция бөлімшесінің кәсібилігі, ержүректігі арқасында зардап шегушілер ешқандай жарақатсыз дін-аман қалды. Олар өз өмірлерін құтқарып қалғаны үшін тәртіп сақшыларына үлкен алғыс білдірді.

Талқылау