ОҚО-да көріпкел қыз Қазақстанның келесі президенті кім болатынын айтты

Дүйсенбі, 22 Тамыз , 2016 9:48

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Науайы ауылында тұратын Бейне есімді емші қыз Қазақстанның келесі президенті кім болатыны туралы болжам жасаған.

Безымянный

Бұл туралы “Замана” басылымы хабарлайды.

Бұған дейін көріпкел Бейне Қаржаубаева СПИД ауруының емін таптым деп, елді елеңдеткен. Енді сол көріпкелдің әкесі қызының ел болашағына қатысты маңызды болжам жасағанын айтып отыр.

“Бейненің көріпкелдік, болжағыштық қасиеті бар. Соны да бір естеріңізге салайын деп едім. Ол кезінде Қырғызстанда халық пен билік арасында қақтығыс болатынын айтқан болатын, кейін ол өмірде шындығында да орын алды. Сондай-ақ қызым осыдан біраз жыл бұрын еліміздің келесі Президенті Дариға Назарбаева болады деп те айтқан еді, қарап отырсам, ол да расқа айналатын сияқты. Қысқасы, мен қызымның бойында қасиет барына сенемін, оны үнемі қолдап отырғым келеді”, – дейді Ералхан Жылқайдарұлы.

Оның айтуынша, қызына тіпті Кәрім Мәсімовтың әкесі де қаралып, емделіп кетеді екен. Үкімет басшысы “визиткасын” қалдырып, әлі күнге хабарласып тұратын көрінеді.

“Қазір қызым үйде. Оның өмірінде әзірге пәлендей жаңалық жоқ. Көзіне ақ киімді адамдар елестейтіні әлі де бар, оны өзі айтып отырады. Біз сырын білмейтін тылсым құбылыстар әлі де көрініп тұрады екен”, – дейді әкесі.

Ералхан Жылқыайдарұлының айтуынша, ол кісінің қызы Бейне Қаржаубаеваның Зиядан Қожалымов басқаратын Халық емшілері қауымдастығынан алған арнайы лицензиясы бар. Сондықтан оған ел ішінен сирек те болса барып емделіп тұратындар қазір де жоқ емес көрінеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

15
Комментариев
  • Анонимно says:

    Кім болса ол болсын. Халық тыныш өмір сүрсе болды. Тыныштық болсын.

  • Анонимно says:

    Жын бале-ай! Бул да бир саясат болар… Адам адамга сенбейтин уакыт болды гой.

  • Анонимно says:

    Келесы президент баска бреу болсын айел Адам емес

  • Айнара says:

    Ия тек Алла ғана біледі.

  • Жұмбақ жан says:

    Онда одан сайын курыганымызго жетискен екенбиз

  • Анонимно says:

    Болашакты тек бір Алла биледи. Ак киімді адам деп отырганы жындар. Дарет алып таза журсе ештене де коринбейди.

  • Анонимно says:

    Дегенімен кім біледі?

  • Анонимно says:

    АстағфируАлла бұл не жын, не шайтанның арбауына түсіп қалғанғой, ия раббым Алла өзің сақтайгөр.

  • Анонимно says:

    Оттай береди екен

  • Анонимно says:

    Жындының сандырағы келді

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар