Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстанда кейуанаға алпыстан асқан кезде ақындық қасиет қонған

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылында тұратын Тәнімгүл Шонтықова өлең жазатын қасиет алпыстан асқан шағында қонған.

akyn-apa

Бұл туралы “Замана” басылымы хабарлайды.

“Анамнан қонған қасиет болуы керек, мен де бала күнімнен ән айтатынмын, бәрі менің өнерімді тамашалайтын. Бір күні үйге қартаңдау бір апа келіп, мені айтысуға шақырды. Бес жастағы менің тілімді қызық көрген болуы керек. Сонымен, айтыстың соңында апа: “Сен мені жеңдің, қызым”, – деп мойнындағы нәзік моншағын шешіп, менің мойныма салды. Ертесіне қатты ауырдым. Осыдан кейін апам мені көптің алдына шығармайтын болды. Шамасы, көз тиіп қалды деп қорыққан болса керек. Өлең шыға­руымды да тоқтатты. Апамның қорқатынындай да бар. Ол кісі он бес құрсақ көтеріп, соның үшеуі ғана аман қалған. Мен анамның он үшінші перзентімін. Менен де айырылып қаламын деп қорықты ма, шектеу қойып тастады”, – дейді кейуана.

Бір қызығы одан кейін әке-шешесінен айырылып, тағдыр тауқыметін тартқан ол, өлеңді қойып кетеді. Тұрмысқа араласып, күнделікті тіршілікті өңгеру үшін сауда жасап күн көрген. Кейін балалары өсіп, келін түсіріп, қолы ұзарғаннан кейін бала кездегі шабыты қайта мазалай бастапты.

Апа жазған өлең тақырыптары да сан алуан. Біресе қарияларға арнап жыр жазса, бірде баласын тастап кететін көкек аналарды өлеңдеріне арқау еткен.

Талқылау