Оңтүстік Қазақстанда қаскөйлер мазарларды қиратып жатыр

Сейсенбі, 19 Сәуір , 2016 10:44

Мақтаарал ауданындағы Бекет ата қорымында бәзбіреулер бір түнде 20-дан астам бейітті бұзып, құлпытастарын қиратып тастаған. Мұны марқұмдарға құран бағыштауға келген туыстары көріпті. Бұл жайлы КТК телеарнасы хабарлап отыр.

1111

Ашуға булыққан олар мазарды бүлдіруші сектанттар деп күдіктеніп жатыр. «Әруақты» қорлады деп шу шығарған жұртпен Бек Әбиев кездесіп қайтты.

“Енді өлген әкемізге де тыныштық жоқ па? Бұл не масқара, имансыздың істегені ғой бұл”, – дейді шағымданушылар.

Әкесіне құран бағыштауға келген Жексенбай Базарбаев моланы мынадай күйде көріпті. Бейіттің кірпіштері қирап, құлпытастары үгітілген. Енді бір жетіден бері қалпына келтіре алмай жүр.

“Көрдім де қан қысымым көтеріліп кетті. Қоршауда тұрған. Бұл жерде сүйекшісі де бар. Мұндайды көрмегем бұрын-соңды”, – дейді Мақтаарал ауданының тұрғыны Жексенбай Базарбаев.

Масқара оқиға сәуірдің 5-нен 6-сына қараған түні болған екен. Бекет ата мазаратының шырақшысы бір түнде 20 бейіт осындай күйге түскенін айтады. Оны қиратқан қаскөй тіпті сүйектерге де залал келтіріпті.

“Қорымға кіріп әруақтарды қорлаған азғын мазарлардың қабырғасын ғана қиратып қоймаған. Тіпті, өлілерде өші бардай қабірді тесіп, қираған кірпіштерді сүйектердің үстіне жинап тастаған”, – дейді Жексенбай Базарбаев.

Мақтааралдықтар бұл қорымға 50-ші жылдардан бері адам жерлеп келеді. Тұрғындардың есебінше жалпы аумағы 15 гектар мазарда 10 мыңдаған адамның сүйегі жатыр. Жұрт қорымды қорлаудың себебін сан-саққа жүгіртіп, болжап жатыр. Бірі сектант десе, бірі әдейі жасаған дейді.

“Жалпы қасақана істеген имансыз, иманы жоқ. Ата-бабамыз неше жылдан бері жатыр. 93-94 жылдары шешеміз қайтыс болған. Егер ол кісілердің біреуде қарызы болса мен тірімін ғой мен. Мойныма алғанмын намазы шықпай тұрып. Неге менен сұрамайды?” – дейді Рахметолла Ізтұрғанов.

Ал құзырлы органдар шағым түскен күні-ақ бір азаматты ұстапты. Тұрғылықты мекен-жайы жоқ, бейіт маңында жиі жүретін Иззат Жораев есімді 23 жастағы жігітті сол күні мазардан шығып бара жатқанын көргендер бар. Қазір оның ақыл-есінің дұрыстығы тексеріліп жатыр.

“Ескерткіштерге еске алу ғимараттарына қатысты имансыздықты бұзатын әрекет деп танылды. Ол бойынша жаза ретінде 300 айлық есептік көрсеткіш айыппұл көзделген Қылмыстық кодекспен. Және тағы 7 тәулікке дейін қамауға алу жазасы”, – дейді Мақтаарал ауданының прокуроры Нұржан Боранбаев.

Ал тұрғындар полицейлердің нағыз кінәліні ұстағанына күмәнмен қарайды. Олар енді мазарларды жөндеп болған соң күнделікті өзіміз күзетеміз деп бекініп отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар