Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстанда бағаны саудаға салған мұғалім ісі жалғасуда

Оңтүстік Қазақстанда бағаны саудаға салған мұғалім жайлы дау әлі жалғасуда. Колледжге келген комиссия, басшылардың біразын жазалаймыз деп шешіпті.

ssv

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алайда Түлкібас агробизнес және туризм колледжінің директорын және бірқатар шенеуніктерді жаза айналып өтті. Екі бөлім меңгерушісі өз орындарынан айырылды. Білім мекемесінің тағы екі бөлім басшыларына қатаң сөгіс жарияланды.

Өткен аптада 51 жастағы математика пәнінің мұғалімі Нұржамал Жанбосынова даулы оқиғаның кейіпкеріне айналып, жұмыстан босатылған еді. 27 жылдық өтілі бар мұғалімнің сабақта қойылатын бағаны ашық саудаға салғанын, студенттер құпия түрде телефон камерасына түсіріп алған. Ол емтиханды – 2000 теңге, ал сынақ кітапшасына қоюды – 1500 теңгемен бағалаған. Ал,бағаны қарызға қойып беруден бірден бас тартқан.

Талқылау