Оңтүстік Қазақстанда аудан аралық әуе рейстері ашылатын болды

Дүйсенбі, 25 Шілде , 2016 9:52

Жақын арада Оңтүстік Қазақстан облысында аудан аралық ұшақтар қатынай бастауы мүмкін. Шымкент әуежайында канадалық Viking AIR компаниясына тиесілі Twin Otter 400 әуе кемесі таныстырылды.

мммм

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Бұл жеңіл ұшақ ішкі ұшырылымдарды, медициналық мазмұндағы арнайы тапсырмаларды, құтқару операцияларын жүзеге асыруға арналған. Сонымен қатар, ұшақтың тағы бір ерекшелігі дайындалған және дайындалмаған ұшу жолақтарында, яғни, қарда да, суда да келе жатып адам отырғыза алады. Бұл жоба оңтүстікте туристік саланың аясын кеңейтуге үлес қосуы да мүмкін. Канадалық өндірушілермен келген келісім нәтижесінде алғашқы рейс Шымкенттен Шардараға қарай жол тартпақ. Осылайша көлікпен төрт сағат жұмсайтын аумаққа, жайлы әуе кемесімен бір сағатта жетуге болады.

“Біздің облыстың туристік мүмкіндігі өте жоғары. Сол себепті облыстың туристік мүмкіндігін одан сайын арттыра түсіп, жеке аудандар арасын жалғау үшін біз әуе жағдайындағы жақындық мәселесін қарастырудамыз. Бірінші кезекте, алғашқы рейсті Шардараға жөнелтеміз, егер бәрі сәтті аяқталса бұл тізімге Мақтаарал ауданы да қосылады”, – деді ОҚО жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Қоқанбаев.

ымым

Ұшақтар жекелеген әуе компанияларының балансына беріледі. Әзірге, қандай компаниялар екені белгісіз. Жобаны дамытумен “Шымкент” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ОҚО әкімдігімен бірлесе отырып айналыспақ.

7 миллион доллар тұратын ұшақтың мұндай түрі 19 адамды тасымалдай алады екен.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар