Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстанда өзін алып қашқан жігітті сүймеген қыз үйіне қайтып келді

Мақтаарал аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің өз міндетіне салғырт қарауы бойынша тексеру басталды.

01-2

Фото: erkindik.kz

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

«Олар ауданда қыз ұрлау дерегіне қатысты шара көрмеген» деген арыз-шағымын жергілікті тұрғын облыс прокурорының блогына жазған Мырзакент ауылының тұрғыны «Бір топ жас жігіттер жасөспірім қызды көлікке күшпен отырғызды» деп көрсеткен.

Ол азамат оқиғаға куәгер ретінде полицияға барып, хабарлағанымен, басқармадағы майор және сержант шенді полицейлер оның арызын тіркемеген, куәгер ретінде ешнәрсе сұрап, анықтамаған. Екінші рет барып, дабыл қаққан соң ғана тергеуші іске кірісті дейді ауыл тұрғыны.

Облыс прокуроры Ибрагим Иманов өтінішін-хатын жазған азаматқа жеке блогы арқылы жауабында қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеудің жүргізіліп жатқанын жазған. Қызды ұрлағандардың бірі оған үйленгісі келген екен. Кешке дейін сол үйде отырған қыз бала тұрмысқа шығуға келісімін бермегесін ата-анасының үйіне апарған. Полицияға қыздың ата-анасы да арызданыпты.

Оқи отырыңыз:

Павлодардағы асфальттің опырылуы: әйел мен баланы қалай құтқарып қалды

Өскеменде 9 жасар қыздың алдында шешінген ер адамды іздеп жатыр

Шариғат бойынша зират қасынан өткенде бет сипау дұрыс па

Корей қызы қазақ тілін 3 ай ішінде үйреніп алған

Алматыда 31 жастағы азамат жоғалып кетті

Талқылау