Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары дөңдегі сиқырлы шеңбер туралы айтып берді

Жұма, 13 Қараша , 2015 15:15

Google картасынан көрініп тұрған Шарбұлақтағы нысанды алғаш байқаған тұрғындардың бірі – Сейдалы Дүйсебайұлы

72146DC8-6776-4C58-A0FE-287790218F99_w640_r1_s

Оның пікірінше, үлкен аумақты қамтитын шеңбер, оның ішінде орналасқан алты кіші шеңбер мен тіктөртбұрыштың белгісі ауыл үсті мен айналасы толық көрінетін дөң басында анық көрініп тұр. Сейдалы Дүйсебайұлы Азаттық тілшісіне Шарбұлақ маңындағы алып белгілерді көрсетіп шықты.

– Бұл орыннан айналаны толық бақылау ыңғайлы. Өзен жақын. Жаяу жүргіншінің, мысалы жаяу әскердің қырға өрмелеп шығуы қиын. Меніңше, бұл жерде әскери база, не әскери лагерь болған сияқты, – дейді ол.

Қазығұрт ауданының орталығынан шамамен 10 шақырым қашық тұрған Шарбұлақ ауылының қасындағы ең биік төбені тұрғындар Шоқайтөбе деп атап кеткен. Спутниктен түсірілген нысанның ізі жерде де байқалады. Бір жақ бетінде Шарбұлақ ауылы, екінші жақ бетінде Тұрбатқа алып баратын тас жол көрінеді.

Сейдалы Дүйсебайұлы Азаттық тілшісімен бірге ізі көрініп тұрған нысанды шамалап қадаммен өлшеп көрді. Тіктөртбұрыш пен оны айнала түскен алты шеңберді үлкен шеңбер қоршап тұр.

– Іздің қалыңдығы бір қадам. Үлкен шеңберден кіші шеңберге дейін 20 қадам екен. Кіші шеңбердің диаметрі 30 қадам. Ал ортада тұрған тіктөртбұрыштың бір қабырғасының ұзындығы 35 қадам, – дейді Сейдалы Дүйсебайұлы.

Шарбұлақ ауылының әкімі Марат Әбдіқұлдың айтуынша, 2001 жылы төбеге шыққанда белгісіз белгілерді көрген. Соңғы кезде спутниктік картадан қарап, «бірдей арақашықтықта орналасқан ерекше нысан» екенін байқаған.

– Кейін ауыл тұрғындарынан сұрағанымызда әртүрлі жағдайларды айтты. Бірі: «Совет үкіметі кезінде әскерилер келіп уақытша база істеген, содан қалған үйінді», – деді. Енді бірі: «Жоңғар шапқыншылығы кезінен қалған естелік», – деді. Түсінікті, тиянақты етіп ешкім нақты дәлел айтқан жоқ, – дейді Марат Әбдіқұлов.

Жұмбақ нысандар түскен жерді Шарбұлақ ауылы ортақ жайылым етіп пайдаланып отыр. Шоқайтөбеге үйі жақын орналасқан ауыл тұрғыны Ибрагим Мырзатаевтың Азаттыққа айтуынша, бұл төбеге әскерилердің келгені рас.

– 1973 жылы болуы керек, біз әскерден келген уақыт. Бір апта шамасында солдаттар келіп жатты. Тек бұл төбеде емес, ауылдың айналасындағы әр төбеге 2-3 солдат окоп қазып, пулеметпен жатты, – дейді Ибрагим Мырзатаев.

Оның сөзін жалғаған ауыл тұрғыны Асантай Исмаилов та ауылға әскерилер келіп, оқу-жаттығу өткізгенін айтады.

– Әскерилер самолет, вертолет, танкілермен келіп, бір апта уақыт шамасында жатты. Әлі есімде, солдаттар біздерден нан, айран сұратты. Алып барып бердік сонда, – дейді Асантай Исмаилов.

Шымкент гарнизонының әскери прокуроры Александр Подушкин Шарбұлақта қандай да бір әскери нысан болғанын жоққа шығарды. Оның сөзінше, егер Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылында 1973 жылдары қандай да бір әскери оқу-жаттығу өткізілген болса, Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасының тізімінде тұруы керек.

– Бірақ біздің тізімде Шарбұлақта әскери нысан жоқ, – деді әскери прокурор.

95 пайыз сеніммен айтамын, бұл – геоглиф емес. Ары кетсе 50 жыл бұрын салынған нысан болуы мүмкін.
Ал тарих ғылымдарының доценті, профессор Александр Подушкиннің (басқа адам – ред.) пікірінше, спутник картадан көрініп тұрған бұл нысан көне емес.

– 95 пайыз сеніммен айтамын, бұл – геоглиф емес. Ары кетсе 50 жыл бұрын салынған нысан болуы мүмкін, – деді Подушкин Азаттыққа.

Қостанайлық геоглиф зерттеушісі Дмитрий Дей Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанда тек геоглифтерді зерттеу жобасының жоқ екенін айтқан. «Археологтар қола дәуірі, ерте темір дәуірінің тікелей геоглифке жатпайтын қорғандарын өте ұзақ қазады, ал мұнда тек геоглифтермен айналысатын жеке бағдарлама керек» деген ол.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.04.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар