Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстан облысында көпбалалы екі отбасы далада қаңғып қалды

Үйлері өртенген Асықата ауылының тұрғындары баспанасыз қалғанын шенеуніктерден көріп отыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Безымянный

Себебі, күлге айналған барақтың айналасына дүкен секілді нысандар бей-берекет салыныпты. Соның кесірінен өрт сөндірушілер отқа оранған ғимаратқа жақындай алмаған.

Тұрмыстық заттары түгілі құжаттарына дейін күлге айналған олар өздерінің тірі қалғанына қуанып отыр. Алайда үй маңына айнала заңсыз сауда дүңгіршектері түсе бастағаннан бері билікке сан мәрте шағымданыпты. Неше жылдан бері тіпті жедел жәрдем көлігі де кіре алмағанын айтқанымен құлақ асар жан таппаған.

Кезінде әрекет етпеген шенеуніктер енді тілсіз жаудан келген шығын көлемін есептеп жатыр. Ал, шиеттей балалармен қалған жұрт күн суығанда мүлдем тентіреп кетеміз бе деп қорқады.

“Қазір көкемнің үйін паналап жүрмін. Ол жақта бір күн, екі күн тұрасың. Онда да шиеттей бала-шаға. Оның 7 баласы бар. Менің 6 балам бар. Онда да осындай үй. Қайда сыямыз?”, – дейді Асықата ауылының тұрғыны Базарбай Дүйсебайұлы.

Оқи отырыңыз:

СҚО-да саңырауқұлақтан уланған әйел мен оның үш қызы бірдей көз жұмды

Арқалықта екі бала су қайнатқыштың кесірінен көз жұмды

Қазақстандықтар несиелерін жабу үшін ағза мүшелерін сатып жатыр

Дәрігерлер америкалықтың асқазанынан 15 см шаш тұтамын алып шықты

Жұрт 5 қап ұннан арқалап қара жұмыс істеген жігітке аяушылық білдірді (видео)

Талқылау