Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғыны 34 жасында 8 баланың анасы атанды

Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келіп жатқан егіз балалардың саны артқан. Биылдың өзінде өңірде 521 ана егіз нәрестені дүниеге әкелген. Ал үшемдердің саны төртеуге жетіпті.

756586876968

 

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Шардаралық 34 жастағы Гүлсінай Бөлегенова осыдан бірер күн бұрын егіз қызды босанып, 8 баланың анасы атанды. Оның төртеуі ұл перзент екен. Бұйыртса, «Алтын алқа» иегері атанамын деп отыр. Қыздарымның дені сау, өзім емізіп жатырмын дейді.

« Біреуі – 2 кг. 800, біреуі – 2 кг. 700 болды. Есімдерін қойдыңыздар ма? Ия, Мәдина, Сәбина болды. Есімдерін апалары қойды», – дейді егіз бала туған ана Гүлсінай Бөлегенова.

Дәл осы палатада Гүлсінайдан бөлек, егіз бала босанған екінші әйелді де байқадық. Сондай-ақ, қатарынан алтыншы қызын босанған ана да жатыр осында. Дәрігерлер оған тағы да босануға болады дегенді айтқан көрінеді. Ұлдан үмітімді үзбеймін деп отыр.

«Өңірде биылғы жылдың өзінде 521 жұп – егіздер дүние есігін ашқан. Ал үшемдердің саны төртеуге жетті. Биыл барлығы 8 айдың өзінде 53 061 бала туылған. Ол былтырғымен салыстырғанда 400-дей балаға артық», – дейді тілші Ерлан Қуандықов.

 

Талқылау