Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОАР солтүстік батысындағы провинцияда аптап ыстықтан 9 адам көз жұмды

Оңтүстік Африка Республикасының  солтүстік батысында сынап бағанасы  40 градус ыстықты көрсетуде.

fhn

Бұл туралы 24.kz. Vesti.az. порталына сілтеме жасап хабарлады.

Әлемнің бір жерін қалың қар басып, бір жерінде аяз болып жатса, келесі бір жерінде тұрығндар аптап ыстықтан азап шегуде.

Оңтүстік Африка Республикасының  солтүстік батысында соңғы он жылда ыстықтың рекордтық көрсеткіші тіркелген. Қазір мұндағы сынап бағанасы 40 градус ыстықты көрсетуде. Аптап салдарынан қайтыс болғандардың жасы 22-58 шамасында. Тағы күн тиген 16 адам ауруханада жатыр.

Айта кетейік, оңтүстік жартышарда қазіргі уақытта жаз мезгілінің қызған шағы.

Талқылау