Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстіктің шенеуніктері “зорланған” бала жайлы жаза беретіндерге шүйлікті

Оңтүстік Қазақстанда зорланды деген балаға қатысты дау билік өкілдерін де аяғынан тік тұрғызды,-деп жазды КТК арнасы.

Мәжіліс депутаты, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева бала мен әжесін Астанаға алдыртпақшы.

Бұл жағдай қоғамда қызу талқыға түсіп, «бала зорланбады» деген сараптамаға ел сенбестік танытқан соң кешенді тексеруден өткізбекші.

«Қазір мен Денсаулық министрімен және басқа министрлікпен ақылдасып, баланы келесі аптада Астанаға әкелеміз.  Кешенді экспертизадан өткіземіз»,-деді  Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева.

Балиева ханым Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің бастығына өтініш айтып, оны бала және әжесімен жеке сөйлестірмекші екен.

Екінші мәрте тағайындалған сараптаманың қортындысы 1-сынып оқушысының зорланғанын растаса, оған жол берген білім саласының басшылары мен аймақтық полицейлердің басы кетері анық. Зағипа Балиева сарыағаштық баланың мәселесін көтерген тілшілер мен жанашырларға да рахмет айтқан.

Ал оңтүстіктің шенеуніктері керісінше 7 жасар баланың  жағдайын жариялағандарға шүйлікті. Шымкентте БАҚ өкілдерін жинаған бір топ атқамінер «зорлады» деген оқушыларды қызғыштай қорғап, бұл оқиғаны қозғай бермеуді сұрады.

«Былай айтқанда 1 сынып оқушысы біздің келешегіміз. Мына істің барлығы тоқталып,

аяқталып, сараптама қортындысы шықпай жатып, интернет желілеріне шығару, болмаса БАҚ-қа жариялау бұл дегеніңіз енді өзіміздің келешегімізге балта шауып жатқан сияқтымыз.»,-деді Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы Бауыржан Майрихов.

Оқи отырыңыз:

Қарағанды облысының тұрғыны екі көзі бірдей көрмейтін ұлының Сирияға кетіп қалғанын айтып жылады

Елімізде жүргізушілер көлік нөміріне өз аты-жөнін жаздыра алады

Сені қатты жақсы көрдім: Жүкті әйелдің күйеуіне жазған хаты жұртты жылатты

 

 

Талқылау