Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстіктегілерге жауап: Солтүстік тұрғындары қараша айында қалай демалу керектігін көрсетті (видео)

Қазан айында шомылып жүрген шымкенттіктерге жауап берген солтүстік тұрғындарының видеосы желіде асқан жылдамдықпен таралып жатыр.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жұртты шулатқан видео алғаш instavideo_kz парақшасына салынған. Кадрларда жігіттердің суық ауа райында шомылып жүргендерін көруге болады. “Қымбатты достар, оңтүстіктегілер қазан айында да көлге шомылып жүр деп шулап жатырсыздар. Ал біздің солтүстіктің тұрғындары қараша айында осылай демалады”, – дейді роликтегі жігіттердің бірі.

Бүгінгі таңда аталған видео 230 мың көрілім жинап үлгерді. Олар осылайша оңтүстік тұрғындарына жауап бермек болған екен. Осы уақытқа дейін Шардара су қоймасында шомылып жүрген ер адам “Солтүстік тұрғындары, сақ болыңыздар! Сіздер тон киіп жүрген шығарсыздар. Қалай ойлайсыздар, олар жылу ақшасын төлеп жатыр ма?” – деген еді ролик авторы.


Жіберіп алмаңыз:

БҚО-да полицейдің адамдарды не себепті ұрып-соққаны белгілі болды

Қазақстанда күдіктіні қамауда ұстау мерзімі қысқармақ

Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

Белгілі сықақшы Михаил Задорнов қайтыс болды

Талқылау