Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстікте есірткі сатумен айналысқан тағы бір отбасы ұсталды

Оңтүстік Қазақстанда героин сатумен айналысқан тағы бір отбасы қолға түсті. Бұл жолы Төлеби ауданын есірткімен қамтамасыз етіп келген егде жастағы әйел мен оның баласын ауылдасы ұстап беріпті деп хабарлайды КТК телеарнасы.

410159

Сурет today.kz

Сау етіп келген полицейлер мен арнайы жасақ диван астынан героин тола пакеттерді тауып алды. 62 жастағы әйел мен 40 жастағы ұлы және олармен бірге тұратын 23 жастағы жігіт те түйіншектерде не бар екенін, тіпті мұнда қалай пайда болғанын ұмытып қалыпты-мыс.

Тәркіленген 5 келіден асатын героинмен бірге осы үшеуі полиция бөліміне жеткізілді. Зейнет жасындағы әйел мен оның ұлы бұрын да есірткі сатумен айналысқаны үшін сотталған екен. Бұл жолы тәркіленген тауардың қара базардағы құны 80 миллион теңге. Қазір полицейлер мұндай ірі көлемдегі героинді бұл отбасының қайдан алғанын анықтап жатыр.

Талқылау