Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяға кейбір қазақстандықтың не үшін кіре алмағаны анықталды

Бірнеше күн бұрын Инчхон әуежайының иммиграциялық қызметі Қазақстанның 15 азаматын кері қайтарды. ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов осы мәселеге қатысты түсінік берді.

zhertole

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Иә, Алматы мен Ташкенттен барған ондаған Қазақстан азаматын Оңтүстік Кореяға кіргізбей қойды. Бір қызығы, олардың үшеуі ғана Сеул қаласындағы елшіліктің көмегіне жүгінді. Қалған азаматтар өздерін не үшін кіргізбегенін білген болуы керек», – дейді Жайнақов.

Айтуынша, қазақстандық дипломаттар шұғыл түрде Инчхон әуежайының иммиграциялық қызметіне хабарласып, мәселенің мән-жайын білген. Сол кезде елшіліктің көмегіне жүгінген үш адамның екеуі Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген болып шықты. Үшінші азамат туристік мақсатын дұрыс көрсетпеген. Сол ұшақпен келген Қазақстанның өзге азаматтары еш кедергісіз тексеруден өтті.

«Қазақстанның сыртқы істер ведомствосы осы мәселе бойынша үнемі консультациялар өткізіп тұрады. Оңтүстік Кореяның дипломаттары да тиісті шараларды қолға аламыз деп отыр. Дегенмен, қазіргі кезде қазақстандықтарды кері қайтарудың бір себебі анық, визасыз режім бойынша келетін кейбір адамдар заңсыз жұмыс істеуді көздейді. Өкінішке қарай, ондайлардың кесірінен басқа азаматтар қолайсыздықтарға тап болып жатады», – дейді Жайнақов.


Жіберіп алмаңыз:

Алаяқтар қазақстандық танымал адамдардың аккаунттарын жаппай бұзып жатыр

Қазақстандықтардың телефондағы әңгімелері мен хабарламалары жазылып, сақталатын болады

Қазақстанда салафизмнен ресми бас тарту ұсынылды

Астаналық жезөкшелердің көбісі тері ауруына шалдыққан

Талқылау