Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяға аттанған бір топ отандасымызды әуежай жертөлесіне қамап тастаған

Оңтүстік Корея еліне турист ретінде аттанған бір топ отандасымыз үш күннен бері әуежай жертөлесінде тұрып жатыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

ftdc_seoul_incheon-0010

Фото: dutyfreehunter.com

Ташкент арқылы Инчхон қаласына бағыт алған саяхатшыларды әуежай қызметкерлері жертөлеге қамап қойған екен. Бірақ не үшін ұстап отырғандарын түсіндірмепті. Тек ұшақтан түскен бойда сұрақ-жауаптың астына алып, бұл елге не мақсатпен келгендерін сұраған.

Осылайша ел көреміз деп барған туристер жат елде жіпсіз байланып жатыр. Айтуларынша Инчхон әуежайында тағы жеті алматылық бар екен. Олар да бірнеше күннен бері елге қайта алмай жатқан көрінеді.

Оқи отырыңыз:

Тоқтар Төлешовтің қандай мүліктері тәркіленді

Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың өмірі қыл үстінде тұр

Тұрғындар отқа оранған Almaty Towers-тен қалай қашып шыққандарын айтып берді

Қазақ жігіт темекінің зиянын дәлелдеді (видео)

Талқылау