Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда визасыз жүрген қазақтар шетінен қуылып жатыр

Оңтүстік Корея еліміздің азаматтары үшін визасыз режимді алып тастауы мүмкін,-деп жазды КТК арнасы.

кәріс

Өйткені, Сеулде  заңсыз жүрген қазақстандық мигранттар көбейіп кеткен. Сондықтан корейдің көші-қон полициясы отандастарымызды  қуып, тіпті қамап жатыр.

Ал әуежайда тексеріс күшейіп, талап қатайған. Осы кезде құжатынан шикілік шыққандар әуежайдың жертөлесін паналауға мәжбүр. Жұмыс іздеп, корей түбегіне аттанғандардың тағдыры келесі бейнематериалда.

Оңтүстік Корея қазір еліміздің азаматтары үшін нан табуға таптырмас жер. Сондықтан мұнда жоғары жалақы үшін кәрістерге жалданып жұмыс істейтін қазақтардың саны алты мыңға жеткен. Олар айына 3 мыңнан 6 мың доллар, яғни екі миллион теңгеге дейін айлық алады екен. Енді отандастарымыз мұндай майшелпектен қағылуы мүмкін. Өйткені, қазақтардың Кореяға заңсыз кіру дерегі жиілеген.

«Кореяда қазақтарға бір ай визасыз жүруге болады. Бірақ, көбі жұмыс істеуге барғандықтан визасыз жүргеніне қарамай ұзаққа қалып қояды. Сондықтан Сеул, Инчхон секілді ірі қалаларда қазақстандық заңсыз мигранттар көбейіп кетті»,-дейді ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев.

Сол заңсыз мигранттардың кесірінен енді отандастарымызға қырғидай тиіп жатқан кореялық шекарашылар тексерісті күшейтті. Тіпті, жұмыс істеп жүрген жерлестерімізді қудалап, қамап қойған.

Мәселен, мына видеода бір топ қазақстандық әуежайдың жертөлесінде жатыр. Көбінің құжаттары дұрыс болса да, көші-қон қызметкерлері сұрақтың астына алған.   Ал мына видеода жекіп жүрген кәріс азаматы ұшақтан жаңа түскен қазақтарды тергеу үшін сол жертөлеге сүйреп апара алмай жүр. Қайта әуежайдан өзге отандасымыз табылып, араша түскен.

Осы секілді дау-дамайдың кесірінен жат елдің полициясы жерлестерімізді қудалап қана қоймай, екінші рет Кореяға кіргізбейді екен. Тіпті визасыз режимді алып тастауы мүмкін.

«Қазір қос мемлекет арасындағы визасыз жүру келісіміне қауіп төніп тұр. Негізі бұл құжатқа екі елдің басшылары үлкен еңбекпен қол жеткізген еді.  Бірақ, заңсыз еңбек мигранттары Кореяға ағылуын тоқтатар емес»,-дейді , Корея республикасының Қазақстандағы елшісі Ким Дэ Сик.

Ал визасыз тәртіп алынса, еліміздің азаматтары үшін Оңтүстік Кореяға бару қиындай түседі. Сондықтан Сеулде жұмыс істегісі келетін  отандастарымызға үмітін үзе берсе болады.

Ал емделу немесе демалуды жоспарлаған болсаңыз, аурухана мен қонақ үйден шақырту қағазы болуы керек.  Сонда ғана бұл мемлекеттің есігі ашық.

Оқи отырыңыз:

Елбасы әзіл айтып Германия президентін күлдірді

4-сынып оқулығы қазақты үш жүзге бөліп тастаған

Ақтөбе облысында жерленген адамның үстіне әйел адамды көміп кеткен

Гүлназ есімді жезөкше бұл кәсіпті не себепті таңдағанын айтып берді

Талқылау