Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда түк істемей отырудан сайыс өткізілді

Сеул орталығына 70 адам жиналып, ештеңе істемей уақытты құр өткізуден сайысқа түсті. Шарт бойынша олар 90 минутты еш нәрсеге алаңдамай өткізулері тиіс. Жарыс Ичон Ханган қалалық саябағында өтті.

696763_1457008

Сурет 24tv.ua

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Жеңіске жеткісі келгендер ұялы телефондары мен сағатқа қарап алаңдамаулары тиіс. Сондай-ақ, ұйықтап қалуға немесе басқамен әңгімелесуге де мүлде болмайды. Ал егер қатысушы су ішкісі немесе дәретханаға барғысы келсе, арнайы карточканы көтеріп ұйымдастырушылардың рұқсатын алуы қажет.

Чемпионатты өткізу идеясын суретші Вупс Чн ұсынған. Осындай жарысты ол алғаш рет 2014 жылы ұйымдастырды. Әйел ешқандай іспен айналыспаған кезде қатты алаңдаушылық күйде болған. Сол себепті ол егер көп адам отырып ештеңе істемесе әлдеқвйда жайлырақ болады деген қорытындыға келген.

Оның сөзінше, осы жылы сайысқа қатысуға екі мыңнан астам адам ынталы болған. Бірақ, суретші олардың тек үздіктерін таңдап алыпты. Ал бұл жолғы жарыстың жеңімпазы рэпер Шин Нио-Сеоб атанды. Ер адам 90 минут бойы түк алаңдамай, қарсыластарынан оқ бойы озық болған. Ол осы жеңіске жету үшін үйде де дайындалған екен.

Талқылау