Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Корея азаматтары Алматыда 20-23 жастағы қыздарды жезөкшелікке салған

Қазақстандағы криминалдық полиция мен алматылық полцейлер “жеңгетай” болып ақша тапқан шетелдік азаматтарды ұстады.

Оңтүстік Корей елінің азаматтары Амлатыда қыздарды жезөкшелікке тартқан, деп жазады Sputnik.

Олардың қоластында 18 қыз жұмыс істеген. Қыздар20-23 жас аралығында. Шетелдік азаматтар қалада жезөкшелік қызмет көрсететін орынды қараоке-бар атымен ашқан. Олар жұмысының ақысын 100 доллардан 1000 долларға дейін бағалаған.

Одан бөлек он жыл бойы Өзбекстанның халықаралық іздеуінде болған әйел ұсталды. 40 жастағы әйел Қазақстан азаматтығын алып, балалы-шағалы болыпты. Іздеудегі әйел қыздарды жезөкшелікке салып, жеңгетайлықпен айналысқан.

Төрт күн ішінде Қазақстан полицейлері притон ұстауға қатысты 71 дерек, жезөкшелік қызметке қатысты 7 дерек, жезөкшелік үшін бөлме беруге қатысты 21 іс тіркелді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау