Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік қазақстандық 14 батыр ана марапатталды (фото)

Кеше Бәйдібек ауданының әкімі Батырбек Көшербаев 14 ананы “Алтын алқа” және “Күміс алқа” атағымен марапаттады. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

онт

Кездесу барысында аудан әкімі алтын құрсақ аналары еңбегі үшін марапаттап, алғыс білдірді. Сонымен қатар аудан басшысы әкімдік тарапынан көпбалалы аналарға көмек көрсетілетінін де айтты.

онтт

Аналар атынан “Алтын алқа” иегері Амангелдиева сөз сөйлеп, көңіл бөліп, назар аударған әкімдікке және әйелдер қауымына алғысын білдірді.

онтттт

Қазіргі таңда Бәйдібек ауданында 2598 “Алтын алқа” және “Күміс алқа” иегері тұрады. Жыл сайын 10-нан астам баласы бар 372 отбасыға демеушілер мен аудан тарапынан әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Талқылау