Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Микелла біздің жұлдызымыз": Алсу мен қызы арты шуға ұласқан байқаудан кейін алғаш рет сұхбат берді

«Голос Дети» байқауынан соң болған даудан кейін Алсу және оның қызы Микелла Абрамова пікір білідірді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі «Комсомольская правдаға» сілтеме жасап. 

Байқаудан кейін болған оқиғалар әншінің өзін де, қызын да біраз сарсаңға салды. Жұрт оларды дауыс берушілерді сатып алды деп айыптады. Осы пікірлер жайлы өз ойын білдірген Микелла Абрамова өнер жолын жалғастыратынын жеткізді.

«Мен не болып жатқанын түсінген жоқпын. Бірақ барлығына алғысым шексіз. Жобадан тапқан достарыма, Светлана Лободаға рақмет айтамын. Қазір бірнеше ән жазып, өнер жолын жалғастырмақпын (жеңімпаз байқау демеушісінен 1 миллион рубль сыйақы алған)», - дейді Микелла.

Бұрын соңды байқауларда бой көрсетпеген қыз «Голос Дети» үлкен тәжірибе алаңы болғанын айтты. Сонымен қатар тікелей эфир барысындағы қорқынышын жеткізді.

«Тікелей эфирде өнер көрсеткен өте қиын. Өйткені ол бір сәтте өтіп кетеді, ештеңені кері қайтара алмайсың. Сондықтан барыңды салып, талантыңды танытуың қажет. Оған қоса, бұрын соңды анаммен сахнаға шыққаныммен, бұл менің қатысып жатқан алғашқы байқауым», - деп айтты Алсудың қызы. 

Ал белгілі әнші Алсу Микелланың өнерге қай жағынан болса да жақын екенін, қызының өз болашағын сахнамен байланыстыратынын бұрыннан сезгендігін айтты.

«Біздің отбасымыздың өзі музыкаға толы. Мен жақтан да, әкесі жақтан да талант дарыған деп ойлаймын. Күйеуім екеуіміз бір-бірімізді толықтырамыз. Өйткені мен ән айтамын, ол аспапта ойнайды. Микелла өзі ән мен әуен жазады. Өзінің туындысын ғаламторға жүктегенде адамдар «Бұл хит ән» деп жазып жатқандарын да көрген едім. Микелла біздің отбасымыздың жұлдызы. Барлығымыз оның өмірі сахнамен тікелей байланысты болатынын білгенбіз», - дейді Алсу.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр