Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өнер жұлдыздары бірлесе Қазақстанды аралап, концерт беріп жүр (фото, видео)

Қазақстанның өнер жұлдыздары еліміздің әр аймағын аралап, концерт бермек.

Мақпал Жүнісова, Сәкен Майғазиев, Жанболат пен Жазира, Ерке Есмахан, Лұқпан Жолдасов сынды әншілер Атырау, Қызылорда мен Түркістан облыстарына сапар шегеді, деп хабарлады 31 арна.

Мақпал Жүнісова бастаған топ Сарайшықта алдымен Құран бағыштап, киелі орынның тарихымен танысты.

«Сарайшыққа келіп жатырмыз. Қасиетті орындарды аралап, өзімізге бір рухани азық алуға, халыққа әннен шашу шашуға», – дейді Мақпал Жүнісова.

«Ұлы дала астаналарын аралаудағы мақсат, әншілер арқылы егер біздің тыңдармандарымыздың назары ауып жатса, біздің тамырымыздың тереңде жатқанын көрсетуге бірден бір мүмкіндік шығар деп ойлаймын», – дейді Сәкен  Майғазиев.

“ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің қолдауымен руxани жаңғыру аясында ” Ән мен Әнші Ұлы Дала Астаналарында” жобасымен Атырау қаласының маңындағы тариxы тереңде жатқан,Қазақ xандығының Астанасы болған,Сарайшық қаласында болдық. Көптеген құнды дүниені жадымызға сіңіріп қайттық. Жасы 82 ге келген Молдаш атамыздың қазыналы әңгімесін ,Сарайшықтың тариxын тыңдап біраз күш жинап қайттық”, – деп жазады Айгүл Иманбаева желіде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау