Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Өнер қырандары” Қадір түнінде көпбалалы 13-отбасыға баспана сыйлады (видео)

“Өнер қырандары” пародия театрының бастамасымен “Қарекет” қоры атынан 13-отбасыға пәтер кілті табысталды.

"Өнер қырандары" тұрмысы нашар 13-отбасыға баспана сыйлады (фото, видео)

Театр мүшесі Жанболат он үшінші отбасыға пәтер кілтін табыс етті.

“Алланың қалауымен сіздердің себептеріңізбен, қасиетті Қадыр түнінде Харекет қорымен тағы бір 13-баспананың кілтін Астана қаласынан 8 балалы отбасыға табыстадық. Аллаға шүкір. Отбасыңызға береке, мереке тілейміз. Тек жақсылық болсын”, – дейді Жанболат.

“Қарекет” қайырымдылық қоры 1000 теңгеге баспана деген бастамамен ашылған. Қор атынан Семей, Сәтбаев, Аягөз, Шымкент, Павлодар т.б. қалаларда мұқтаж отбасыларға баспана берілді.

“Өнер қырандарының” “Берекелі мереке-4” деп аталатын концерт соңында театр басшысы Мадияр мүгедек азаматқа ел алдында пәтер кілтін табыстаған болатын.

Талқылау
Пікір
Ақерке
23 Сәу, 20 жыл - 22:48

Мен сиздерден көмек сұраймын. Менің үш балам бар, жолдасым қайтыс болған. Өзимниң денсаулығым жоқ. Квартирада тұрам.