Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өнер иелері Алматыда аула сыпырды

Алматыда әртістер қала тазалығына ат салысты. Олар қолдарына күрек пен сыпырғы алып, коммуналдық қызметкерлерге көмектесті, деп жазады Аlmaty.tv.

 

“Алматы қаласына Бауыржан Байбектің келуіне байланысты тазалық жұмыстары басталып жатыр. Сондықтан қаламыз бұдан да ары қарай өркендеуіне атсалысып жатырмыз.  Тазалық бар жерде денсаулық та жақсы болады. Кішілерге ізеттілік көрсету, үлгі болу мақсатында тазалық жұмысына шықтық”,- деді ҚР еңбек сіңірген әртісі Марат Омаров.

Әртістер тазалық жұмысын Әуезов ауданынан бастады. Олар бұл шара енді дәстүрге айналдыып, бейсенбі сайын қаланың әр ауданында ұйымдастымақ.

Негізі Әуезов ауданында 260 мыңға жуық тұрғын бар. Мұнда 1507 қоқыс жәшігіне арналған 243 контейнер бар. Содан күн сайын ауданнан 300 тонна қоқыс шығарылады. Тазалық жұмыстарына 180 қызметкер мен 40 арнайы техника қызмет етеді.

 

 

 

 

 

Талқылау