Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ондаған қармауышы бар жұмбақ жаратылыс жұртты шошытты (видео)

Вьетнамның Кьензянг провинциясында теңіз жағасынан біртүрлі жаратылыс табылды.

Ондаған қармаушы бар жұмбақ жаратылыс жұртты шошытты (видео)

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жұмбақ жаратылыс бұтақты өсімдікке ұқсайды. Алайда әр бұтағында ондаған ирелеңдеген қармауышы бар.

«Бұл жануар ма, әлде өсімдік пе білмеймін», – дейді экскурсия жетекшісі Ду Нам Ду.

Жергілікті тұрғындар бұрын мұндай жаратылысты көрмепті. Сондықтан оны тамашалауға көптеген адам жиналды. Нәтижесінде олар жаратылысты қайтадан теңізге жібере салған.

«Бұл құбыжық, күндердің күнінде ол мұхиттан 10 есе үлкен боп қайтып келеді», – дейді тұрғындардың бірі әзілдеп.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ұлыбританияның Саутгемптон қаласында құртқа ұқсас құйрығы бар жаратылыс табылған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау