Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Оңай” жүйесі бойынша жұмыс істейтін жол жүру билеттері сатыла бастайды

Бейсенбіден бастап, алматылық қоғамдық көліктерде “Оңай” жүйесі бойынша жұмыс істейтін жол жүру билеттері сатыла бастайды. Оқушылар, студенттер мен зейнеткерлердің жаппай наразылығынан кейін, қалалық мәслихат наурыз айынан бастап жол жүру билеттерін қайта қолданысқа енгізу жөнінде шешім қабылдаған еді.

7-01

Сурет vecher.kz сайтынан алынды

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жол жүру билеттері 4 түрлі болады: ортақ, әлеуметтік, студенттік және оқушыларға арналған. Олар әуежайда, теміржол вокзалдарында, қоғамдық көлік ішінде, «Караван», «Дауыс», «Бинго» дүңгіршіктері мен «Азбука Связи», «Akson-mobile» дүкендерінде сатылатын болады. Электронды төлем жүйесі бюджет бүйірін толтырып, жолаушылардың нақты санын анықтауға мүмкіндік берді.

Талқылау