Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңай емес екен: Ерке Есмахан проректормен дуэт орындағанын айтып мақтанды

Сәкен Майғазиевтің өнер ордасына проректор болғаны өнер майталмандарын бір серпілтіп тастады. Кешелі бері танымал жұлдыздар Майғазиевті желі арқылы құттықтауда. Ал Ерке Есмахан проректормен алғаш болып дуэт орындағанын айтып мақтанды, деп жазады Stan.kz.

Сәкен Майғазиев-Ерке Есмахан

Ерке жоғары лауазымды Сәкенмен дуэт орындаймын деп әбден қобалжығанын жасырмады.

“Дуэттің талайын көріп жүрмін ғой. Бірақ проректормен дуэт айтуды бүгін бірінші рет көрдім. Сөздерімді ұмыта жаздап, әбден қобалжыдым. Оңай емес екен. Сәкен аға, қызметіңізге сәттілік. Сіз сияқты өнерге, ұлтқа жанашыр жандар өнер ордасын басқаруға қажет. Ал мен тарихта проректормен алғаш болып дуэт құрған әнші қыз болып қалар ма екем?” – деп бөлісті Ерке.

Еске сала кетейік, бірер күн бұрын Сәкен Майғазиев Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалды. Күні кеше Stan.kz тілшісіне сұхбат берген Майғазиев бұл қызметке қалай келгенін баяндаған еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау