Оң қол мен сол қолдың қышуы нені меңзейді?

Бейсенбі, 25 Тамыз , 2016 18:57

Адамның қолының қышуының өзі әртүрлі негіздегі ырымдарға телініп жатады.

cheshetsya-ruka_c4ca4238a0b923820dcc509a6f75849b

Егер сіз расында ырымға қатты сенетін болсаңыз, ол сізге көптеген қиындықтар әкелуі мүмкін. Яғни, сенген нанымыңыздың дер уақытында орындалмауы сіздің дегбіріңізді қашырып, алаңдатуға соқтырады.

Сіз үйіңізде бір кәсіппен айналысып жатырсыз делік. Кенет қолыңыз қышынып, бірақ сізді алаңдата қоймайды. Демек ырым бұл нақты әрекетке қатысты емес деген сөз. Ал егер басқа ештеңе ойлай алмайтын сәтте қолыңыз қышыса, бұның мәні бар дегенге сенуге болады.

Сосын қолдың қай бөлігінің қышығаны да маңызды. Әрине, бұл жерде әңгіме алақан туралы болып тұр. Әдетте оң қол алақаны қышыса жуырда ақша ұстаймыз деп ырымдаймыз. Халық даналығына сүйенсек, мұндай кезде қолға тиын алып, екі-үш күн тастамай салып жүру керек екен. Бұл әлгі қол қышу арқылы пайда болған ырымның шындыққа айнаОлуына өз әсерін беретін көрінеді.

Сондай-ақ, тағы да оң қолыңыз қышыса сізді көптен бері кездеспеген дос, туыс, ағайынмен кездесу күтіп тұрған болуы әбден мүмкін. Бұлай деуге себеп, амандық-саулық кезінде міндетті түрде оң қол пайдаланылады.

Ырымды қабылдаудың екі нұсқасы бар: егер оң алақан қышыса кездесу болады. Ал сол алақан ажырасу туралы сыр айтуы мүмкін.

cheshetsya-ruka_eccbc87e4b5ce2fe28308fd9f2a7baf3

Екінші нұсқа: Сол алақан ақша жоғалту мәнін білдіреді. Сіздің денеңіз жуырда әмияныңыздың бос қалатынын меңзеп тұр. Бұл ретте сізге аса сақ жүруге тура келеді.

Көптеген адамдар ақшаға қатысты ырымдары керісінше екенін айтады. Мәселен, оң алақандары қышыса қарызға ақша алып немесе күтпеген жерден қымбат зат сатып алуға тура келеді екен. Бұл бірқатар себептерге байланысты.

Мүмкін, сіз – солақайсыз. Сол кезде қолға байланысты ырымдар сізде керісінше жүреді. Өйткені олар белсенді қолға жазылып қойған. Егер олай болмаса, онда бұл сіздің сол қолмен ақша бергеніңізге қатысты болуы ықтимал.

Сондықтан әркез өзіңізді қадағалаңыз. Сізде өзіндік заңдылықтар мен түсініктерді оңтайлы шешімдерге қарай ыңғайлап отырыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар