Өмурбек Бабанов өзінің сайлаудағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді

Дүйсенбі, 16 Қазан , 2017 18:17

Қырғызстан президенттігіне кандидат болған Өмурбек Бабанов өзінің сайлаудағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы “Радио свобода” жазады.

ОСК соңғы мәліметтері бойынша оны 33,74 дауыс беруші қолдаған. Осылайша Бабанов екінші орынға жайғасты.

“Біз Қырғызстанда сайлауға қатысып, өз бағдарламаң туралы айтып, өзіңді дәлелдеуге болатынын қырғыз халқына көрсете алдық. Кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін уақыт өзі көрсете жатар. Біз сөзсіз жеңдік. Біздің жеңісіміз сол – біз халықтың танымын өзгертіп, адамдарға сенімділік сыйладық”, – деді Бабанов.

Ол билікті күшпен алғысы келмейтінін және өз жақтастарының арандатуға берілмеу керектігін айтты.

“Мен сайлаушыларымнан арандатушылыққа берілмеулерін сұраймын. Мен 16 қазан күні сағат 12:00-де алаңға жиналу туралы арандатушылық хат алдым. Мен ешқашан билікті басып алмағанмын және қазір де ондай қадамға барғым келмейді. Біз өз жақтастарымыздың құқықтарын тек заңды жолмен қорғаймыз. Мен біздің жеңісіміздің әлі келетініне сенемін. Мені және менің командамды бұл сайлау мықты қылды”, – деді ол.

Ол өз жеңілісіңізді мойындайсыз ба деген сауалға: “Сайлау өтті. Нәтижесі шықты. Заңдық тұрғыдан қалай мойындамауға болады. Бір кандидат бәрінен басым дауыс жинады және сайлауда жеңді. Менің келіншегім “Шүкір бәрі өтті ғой, сен мықтысың” деп айтты”, – дейді Бабанов.

Еске салсақ, 15 қазан күні Қырғыз Республикасында президент сайлауы өтіп, ОСК мәліметтері бойынша социал-демократтар атынан түскен Сооронбай Жээнбеков жеңіске жеткен. Ол бұған дейін елдің премьер-министрі қызметін атқарған болатын.

Тағы да оқыңыз:

Сирияда өлтірілген бүлікші әйел ұлын бас кесуге 12 жыл бойы үйреткен

Ақтөбелік кәсіпкер анасы рактан қайтыс болған балаларға 2-қабатты зәулім үй салып берді (фото)

Қырғызстанның жаңа президенті Қазақстан мен Назарбаевқа деген көзқарасын білдірді

Әйел өзін тастап кеткен көңілдесінің интимді суреттерін жұбайы мен балаларына жіберген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар