Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Омскіде Қазақстандық кәсіпкер жол жарығын матамен желімдеген (фото)

Қалалық билік өкілдері  жөндеуден өткен жолды  қабылдау жұмыстарын МЖЕҚИ тапсырған.Омскіде кәсіпкерлікпен айналысатын Қазақстан тумасы  өз фирмасының алдындағы тас жол жарығын матамен жамамақшы болған.

асфальт

Бұл туралы om1.ru сайты жазған.

19 мамыр күні  Кемеровск пен Красный жолдарының қиылысында қала тұрғындары таң қалған, матадан жасалған жамау пайда болған.

Кәсіпкер бұл қылығын өз елінде жолдарды осылай жөндейді деп түсіндірген деп жазған жергілікті басылым. Алайда жол мамандары  мұны қабылдамаған. Жол жөндеу  және абаттандыру  департаментінің директоры  Владимир Казимиров  мұндай жапсырмалар асфальттің үстіңгі және астыңғы қабаттарын біріктіру кезінде пайдаланады деген.

Ол тас жолдың бетіне желімделген мата ешқандай да пайдасы болмайды деп отыр. Жауын кезінде жапсырма жолдағы көліктердің тайғанақтауына әсер етеді екен. Енді жарық түскен жолды арнайы мамандар қайтадан жөндеуден өткізбек. Ал бетіне жапсырма желімделген аймақты жай ғана алып тастаудың өзі мүмкін емес екен. Сол жердегі тас жолдың беткі қабаты да қоса сүріліп, жаңа асфальт төселмек.

 

 

Талқылау