Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өмірлік жарыңды қалай таңдау керек: Қазақстан Президентінен кеңес

Бүгін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездескен Елбасы өмірлік жар таңдау жөнінде өз ойымен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Қазіргі уақытта бойжеткенмен танысқысы келген жас жігіт дискотекаға барады. Оркестр үні құлаққа түрпідей тигендіктен, айтқың келетін сөзді айта алмайсың. Сол үшін айғайлайсың. Бір-біріңді естімейсің. Сондықтан  қызықты орындарға барып танысуға тырысу керек. Екі адам бір-біріне емес, бір мақсатқа қараса – жолдары болады», – дейді Мемлекет басшысы.

Президенттің сөзінше, ер адамдар әйелдерге деген көзқарасын өзгерту керек.

«Біз мінезімізді өзгертуіміз керек. Әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылықты сөз етеміз. Әлі күнге дейін кейбір мемлекеттерде әйелдердің еркектермен құқығы тең емес. Алайда әлем басқа бағытта жылжып барады. Қазір Батыста өте кеш отау құруларының себебі неде? Себебі әйелдер өздерін тәуелсіз сезінеді әрі қаржылық жағдай бойынша еркектен дербес болғысы келеді. Өмірлерін реттеп, жағдайын жасағаннан кейін отау құрып, өмір сүре алады», – дейді Елбасы.

Қазақстан Президенті өз сөзінде мұндай теңқұқықтық бостандыққа кепіл бола алатынын айтты.

«Ер адам да, әйел де еркін болуы қажет. Біз еркектер қызғанамыз. Оның пайдасы жоқ. Бұл жерде сіздерге осы сөзді айтып отырған күннің өзінде, шынымен де солай ойлаймын ба деп толғанудамын. Алайда өмірде солай болуы қажет», – дейді Елбасы.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесті. «Қазақстанның100 жаңа есімі» жобасы елдің дамуына елеулі үлес қосқан талантты жандарды танытуды мақсат етеді. Қазақстанның кез келген азаматы өтініш жіберу арқылы өзінің табысқа жету тарихымен бөлісуге мүмкіндік алды.

Оқи отырыңыз:

Кәріс, жапон және еврей халықтары Назарбаевты қатты таңдандырған

Назарбаев: Бай адамдарды көпшілік жақтырмайды

Президент ұйықтар алдында кімнің музыкасын тыңдайтынын айтты

Назарбаев: Мен үшін екі туған күн бар

Талқылау