Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өмірқұл Айниязов 1 млн теңгеге түлкі жағалы ішік сатып алды

Дәстүрлі өнер насихаттаушысы Өмірқұл Айниязов халыққа өзінің шығармашылығымен ғана емес, жоғары талғамымен де танымал. Әнші ұлттық нақыштағы киім үшін бұл жолы да аянып қалмай, ішікке бола 1 миллион теңге ақша жұмсаған екен.

01

Фото: instagram.com/jado.sakhi/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Өмірқұл Айниязов мүмкіндігінше сәнгерлердің бірегей киімін таңдайды. Жақын күндердің бірінде отандық сәнгер Жадо ханымнан бір миллион теңгеге ішік сатып алған екен. Патшалық барқыттан тігілген киімнің жағасы канадалық түлкінің терісімен безендірілген.

Париж сән үйінде өткен көрсетілімге қатысқан бұл ішік те бір дана етіп тігілген.

11950716_902705066474354_1218846665_n

Сәнгердің айтуынша, сән апталығында аталған ішікке барлығының көзі түскен. Мұнымен қатар, өзінің ең үздік туындыларының бірі екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Астаналық ұрының ішікті сұлулық салонынан ұрлағанын хабарлаған болатынбыз.

Талқылау