Өміріңізді түбегейлі өзгертетін 10 ереже

Бейсенбі, 20 Сәуір , 2017 11:59

Роман Абрамовичтің төмендегі кеңестері жағымсыз әдеттеріңізден арылуға көмектеседі. Оларды тәжірибеңізде қолдану арқылы өміріңізді түбегейлі өзгерте аласыз.

say-yes-to-the-live-2121044_960_720

Біздің көптеген қиындықтарымызға санамыз себепші. Сол себепті, төмендегі 10 мінез-құлықты игеру арқылы қиындықтарыңыздан толықтай арылыңыз.

1. Асығыс шешім қабылдамаңыз

Бұл әдет сіздің өміріңізді екі жағдайда қиындатуы мүмкін. Біріншіден, адам баласы белгілі бір сценарий бойынша өмір сүріп үйренген. Яғни ол алдында тұрған мүмкіндіктердің барлығын байқамай қалуы мүмкін. Осыған сәйкес, қате таңдау жасайды. Артынша мұны екінің бірінің басында болып жатқан жағдай ретінде қабылдайды. Екіншіден, біз адамдардың не ойлап отырғанын, не істейтінін алдын ала біліп отырмыз деп ойлаймыз. Яғни өзіміз екінші бір адам үшін жауап беріп, артынша оған ренжіп жүреміз. Шын мәнінде, бұл  – біздің ойымыз. Оған екінші адамның еш қатысы жоқ.

2. Әсірелемеңіз

Көп адам болмашы сәтсіздіктерге бола ренжіп, сағы сынғандай күй кешеді. Ал олар неге бұлай жасайды? Кім біледі? Бәлкім өздеріне назар аударту үшін шығар? Десе де, бұл ақымақтықтың бір түрі.

3. Ережелер ойлап табудың қажеті жоқ

«Жасауға міндетті», «жасауы тиіс» дегендердің қажетсіз екенін түсінетін уақыт келген сияқты. Бұл екі сөз тіркесі сіздің жүйке жүйеңізді жұқартып, өзіңізді кінәлі сезінуге мүмкіндік береді. Не үшін? Бұл екі сөзге бағыну арқылы өзіңізге түрлі қиындық ойлап табасыз. Артынша бұл ережелерге өзгелерді бағындыру арқылы сүйкіміңізді кетіресіз.

4. Стереотиптерден аулақ болыңыз

Әрбір айтқан жағымсыз сөзіңіз бен сыныңыз өміріңізге кедергісін келтіреді. Қоғам ұсынған стереотиптерге бағынамын деп шын қалауларыңызды шетке ысыруыңыз мүмкін. Мұндайда бақытты болмайтыныңыз анық.

5. Перфекционист болудың қажеті жоқ

Өмірді «ақ пен қара», «бар мен жоққа» бөлудің қажеті жоқ. Көп жағдайда «жеткілікті» деген сөз жеткілікті. Мінсіз жұмыс табуды армандасаңыз, оны таппайтыныңыз анық. Барлық жасаған жұмыстарыңыз құнсыздана бастайды. Перфекционизм – өмірден жоқты іздеуге бағыттайтын ауру.

6. Жалпыламаңыз

Бірнеше сәтсіздік – бақытсыздық емес. Ал кездейсоқ жетістік сіздің данышпан екеніңізді білдірмейді.

7. Жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз

Сіздің достарыңыз бен әріптестеріңіз, туған-туыстарыңыз 99% жағдайда сіз туралы ойламайды. Сіз туралы естуге де ынтық емес. Мұнымен қатар, олардың жетістіктері мен сәтсіздіктерінің сізге еш қатысы жоқ.

8. Эмоцияларыңызға сенудің қажеті жоқ

Жағымсыз эмоцияларды өзіңіздің ішкі көңіл-күйіңізге телудің қажеті жоқ. Себебі, олар алдамшы болуы мүмкін.

9. Зауықсыз болмаңыз

Оптимист болуға жаттығыңыз. Өмір мен жұмыста жағымсыз жаңалық күтетін болсаңыз, қалауыңыз міндетті түрде орындалады. Негативті көңіл-күй – өмірге лас көзілдірікпен қарағанмен бірдей. Ал өмірден позитивті дүниелерді іздейтін болсаңыз, оларды міндетті түрде табасыз.

10. Өткен шақпен өмір сүрмеңіз

Бұл кеңес барлығынан маңызды: ұмытыңыз да ары қарай өмір сүріңіз. Өткен  өміріне ренжіп жүрген адамдар осы шақтағы бақытты жандарды қинайды. Жағымсыз сәттерді қайта-қайта ойлаған сайын олардың көлемі де ұлғая түседі. Оларды біржолата ұмытыңыз. Осыны жасаған жағдайда жаныңыздың жарасы жазылады.


Жіберіп алмаңыз:

Психолог: Адам белгілі бір мақсатқа жету үшін ауырады

Не себепті қанды атауы жоқ саусақтан алады?

Босану кезінде ана мен баланың өміріне қауіп төндіретін уақыт анықталды

Сәбидің алғашқы екі айда жылау себебін білесіз бе?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар