Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өміріңді қысқартады: Адам ағзасына кері әсер ететін өнімдер анықталды

Адам ағзасына кері әсер ететін өнімдер анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі MedicalXpress cайтына сілтеме жасап.

Бірқатар халықаралық ғалымдардың зерттеуінің нәтижесінде жоғарғы деңгейде өңделген өнімдер жүрек-қан тамырлары ауруының пайда болуына, уақытынан бұрын өмірден өтуге әкеліп соқтырады. 

Ультраөңделген өнімдер бірнеше өңдеу кезеңінен өтіп, құрамында қант, май, тұз бен бояғыштар көп, витаминдер аз болады. Олардың қатарына нан өнімдері, газдалған сусындар, жартылайфабрикаттар, қалпына келтірілген ет және балық өнімдері жатқызылған. Бұндай өнімдер әлем елдеріндегі күнделікті тұтынатын заттардың 20-60 пайызын құрайды. 

"Әлемдегі адамдардың денсаулығын жақсарту үшін, ультраөңделген заттардың тұтынылуын азайту керек. Мейлінше аз өңделген өнімдер қолданып үйренетіндей саясат жасау керек", - дейді зерттеушілер.

Күніне ультраөңделген өнімдерді 4 порциясынан артық тұтыну 62 пайыздық көрсеткіште адамның өміріне қауіп төндіреді.

Талқылау