Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өмірін сатып, қиялындағы армандарына жеткен австралиялықтың оқиғасы

Өз тағдырын өзгерткісі келген Иэн Ашер есімді азамат өмірін eBay сайтына сатылымға шығарған. Өткен өмірін сатқан азамат жаңа өмірінде өзінің болуы мүмкін емес деген армандарына да қол жеткізген.

IanUsher03

Бұл туралы  bigpicture.ru сайты хабарлайды.

Австралиялық Иэн Ашер есімді азамат әйелімен ажырасқаннан кейін, болашағы жайлы ойлана бастаған. Ол кезде Иэн 44 жаста. Сол сәтте оның қолы мен ойында сәтсіз аяқталған неке, одан қалғаны баспанасы мен үй, жиһаздары және сатушы болып істейтін жұмысы ғана бар еді. Орта жасқа таяп қалған азамат ауыр қайғыдан кейін күйзеліске түседі.

IanUsher01

2008 жылы маусым айында Иэн Ашер eBay.com сайтына ALife4Sale жазбасымен хабарландыру қойған. Расымен де ол өмірін сатылымға шығарды. Нақтырақ айтқанда, өткен өмірі мен одан қалған белгілер, заттардың барлығын сатылымға шығарды: жиһаздарымен қоса баспанасын, көлік, тұрмыстық техника, мотоцикл, жұмысы мен достық байланысын.

IanUsher02
«Мен қолыма құжаттарым мен бар ақшамды алып басқа жаққа кетуге дайын едім»,-деп жазған еді Иэн Ашер кейіннен желідегі парақшасына. Мұны естіген бұрынғы әйелі Лора «ол жынданып кеткен» деп айтқан.

IanUsher04 (1)

Хабарландыруды оқығандардың дені оған күлкілі баға ұсынған. Соңында белгісіз бір австралиялық Иэнге 399 300 австралия долларына саудаласқан. Иэн саудасының қаржы көлеміне қарап аздап көңілі түскен. Тек үйдің өзі арадағы риелтордың көмегімен 420 мыңға бағаланады. Ол келісімге алушымен саудаласқан соңғы сәтте өзіне ұсынылған баға мен келісімнен бас тартқан.

IanUsher05

Ол өзіне ұсынылған бағалар мен хабарландыруға қызыққан адамдарды көре отырып өзінің екінші жоспарын іске қосады. Онда мүлкін қалыптасқан жүйе бойынша сатылымға шығарады.

IanUsher07 IanUsher06
Өткен өмірінде көрген жайттарды жинақтай келе жүз бөлімнен тұратын тізім жасайды. Ол Дубайға баруды, Лас-Вегасты көруді, ұшақта ұшып, сноубордпен сырғанауды, ақ акуламен қатар жүзуді армандады. Иэн Ниагариядағы сарқыраманы көріп, француз тілін үйренуді, киноға түсу мен неге екені белгісіз Virgin Group негізін қалаушы Ричард Брэнсонмен жолығуды, түнделетіп парашютпен түсуді осы сияқты көптеген дүниелерді армандаған.

Екі жылдың ішінде ол алты құрлықтағы 31 елді аралады.

IanUsher08

IanUsher09

IanUsher10

IanUsher11

IanUsher12

IanUsher14

IanUsher17

Иэн осыншама елді үйін сатқан ақшаға аралап шықты деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ, расыменде ол басында екі жыл бойы өткені мен болашағын, ештеңені ойламай тек ел аралаумен өткізгісі келген еді.

IanUsher13
Ол өз армандарына қалай жеткені белгісіз. Анығы ол француз тілін үйреніп, Ричард Брэнсонмен жолығып, киноға түсіп үлгерген.

Осылай жүрген кезде оның жеке өмірі де қызықты бола бастаған. Канадада шанаға жегілген иттермен сырғанап жүріп Мо есімді әйелмен танысып қалады.

IanUsher16

Өзінің барлық арманын орындап болғаннан кейін, 30 мың долларға Панама жағалауынан кішкентай арал сатып алады. Сол жерге өз қолымен баспана тұрғызып Мо екеуі бірге тұра бастаған.

IanUsher15

Ол өзінің басынан өткізген адамсенгісіз жағдайларды жинақтап A Life Sold деп аталатын кітабын жарыққа шығарды.

IanUsher18

Қазір Иэн балаларға арналған кітаптар шығарумен айналысады. Сондай-ақ, өткен өміріне қайта оралмасына сенімді. Жаңа өмірін де сатылымға қойып жіберуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Талқылау