Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өмірімізден жоғалып кетті: КешYou қыздары топтан кеткен арулармен араласпайтын болып шықты

Атышулы «Кешью» тобының жаңа құрамы қайта жасақталды. Топтан кеткен Элизат өнерді тастап, отбасылық өмірді таңдаған. Десек те Баян Алагөзованың ұжымы жұмысты тоқтатпайды. Stan.kz ақпараттық агентігінің тілшісіне сұхбат берген қыздар тыңдармандардың тағатын тауысқан сансыз сауалдарға жауап берді.

КешYou

«Элизат тұрмысқа шықты. Продюсерлермен контракт бойынша өздері сөйлесіп, шешіп кеткен болуы керек. Ол жағына біз араласпаймыз. Элизаттың өзі бізге бір ай бұрын кететінін айтты. Элизат кететін кезде той қашан деп сұрадық. Той күз мезгілінде деп айтты. Күзге дейін уақыт бар, үміт бар! Шақырып қалар», – дейді «Кешью» тобының қыздары.

Қыздар өнерде әріптес болғанымен, өмірде құрбы ретінде бір-біріне жан сырын ақтармапты. Топтағы жұмысы тоқтағалы, Элизаттан хабар жоқ. «Кешью» ұжымындағы қыздар қоңырау шалса, тұтқаны көтермейтін көрінеді.

«Элизатқа соңғы рет 7-ші мамыр, туған күнінде хабарластық. Одан кейін тағы бір-екі рет қоңырау шалып едік, жауап берген жоқ. Жалпы, «Кешью» тобында жұмыс істегелі Сара мен Элизат кетті. Екі қыз да менің өмірімнен жоғалып кетті. Қанша рет хабарластым. Жауап жоқ. Неге олай істегендерін түсінбедім», – дейді Назым Әбілдина.

Алғашқыда Жұлдыз Өмірғали, Ақбота Сейітмағамбетпен бір топта ән салып, кейінгі құрамда Сара Амангелді, Элизат Беріковамен өнер көрсеткен Балжан Бидаш, қыздар ұжымында қызмет ету төзімділікті талап етеді дейді.

«Қыздармен жұмыс істеу өте қиын. Өйткені қыздардың әңгімесі көп болады. Жігіттер ұжымы болса, өзара шешіп жүре береді. Майда-шүйде әңгіме болмайды деген сияқты. Қыздарда ондай нәрсе көп болады. Сондықтан ол нәрсеге мен де тәжірибе жинап қалдым. Жаман жағдайға апармауға тырысамын. Әңгіме болса сол жерде шешіп тастаймыз», – дейді Балжан Бидаш.

КешYou

Топты толықтырған – Ақбота Құрманғали. Үштіктің жаңа әншісі бала кезден өнерге құштар болғанымен, музыкалық білім алмаған. Бүгінде «Кешью» тобының репертуарындағы әндерін қайта жазып, би қойылымдарын да пысықтап жатыр екен.

«Есімім Ақбота. 17 жастамын. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласының тумасымын. Алматы полиграфия колледжінің екінші курс студентімін. Жұмыс бірінші орында. Өнер жолын өзім таңдадым. Енді келісімшарт біткенше «Кешью» тобында жұмыс істеймін деген ойдамын», – дейді топтың жаңа мүшесі Ақбота Құрманғали.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау