"Өміріміз өтіп бара жатыр": Динара Сұлтанның видеосы жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Динара Сұлтанның өмір туралы видеосы жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында "Өмір өтті" атты әніне видео жасап, жұртты ойландырып тастады. Қамшының сабындай ғана ғұмырда сыйластықтың қаншалықты маңызды екенін ұмытпаған жөн деп ескертті.

"Өміріміз өтіп бара жатыр, жақсы сәттер көп болғай. Қысқа өмірімізде бір-бірімізді сыйлап өтейік, әр адамның тек жақсы жағын көруге тырысайық. Видеоны өзім жинадым, еш бояусыз, күнделікті өмірім. Қатты сөкпеңіз", - деп жазды Динара Сұлтан.

Бейнежазбаны көріп жұрттың жүрегі жібіп, көздеріне жас келген сыңайлы. Тыңдармандар өз әсерін бөлісіп, пікір қалдырды. 

"Керемет, көзімізге жас келді", "Әсерлі ән, видео да керемет", "Динара, өнеріңіз шыңдала берсін", "Дауысыңыз ғажап", "Өмір туралы ойландырып тастадың", - деп жазды тыңдармандар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр