Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өмірді ұзартуға көмектесетін дәрі аса қауіпті болып шықты

Австралия мен АҚШ ғалымдары аспиринге қатысты бұған дейінгі зерттеулердің нәтижелерін жоққа шығарды. Бұған дейін ацетилсалицил қышқылын (аспирин) қолдану егде жастағы адамдардың жүрек-қан тамырлары ауруларынан өлу қаупін азайтыны және өмірді ұзартуға көмектесетіні дәлелденген болатын. Алайда, бүгінде ғалымдар аспириннің керісінше адам өміріне қауіпті екенін дәлелдеді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Өмірді ұзартуға көмектесетін дәрі аса қауіпті болып шықты

Аспирин – егде жастағы адамдарда коронарлық жеткіліксіздіктен болатын жүрек-қан тамырлары ауруларының қайталануын төмендету үшін пайдаланылатын ең танымал дәрі-дәрмектердің бірі.
Ацетилсалицил қышқылының жүрек, ми және басқа да органдардың жұмысынының бұзылуы мен қан тамырларының бітелу қаупін азайтатын тромбоциттердің агрегациясын төмендететіні белгілі.

Сонымен қатар, бұл дәрі ми мен асқазан-ішек жолдарында қан кетуді тудырады. Сондықтан, ол жүрек-қан тамырлары ауруларынан зардап шегетін адамдарға пайдалануға жарамсыз болуы мүмкін.

Ғалымдардың аспириннің зияндылығын дәлелдейтін зерттеуге орташа жасы 74 жасты құрайтын 19 мың адам қатысты. Зерттеуге қатысушыларда деменция немесе мүгедектік болмады. Сондай-ақ, олар ацетилсалицил қышқылы тағайындалатын аурумен ауырмады.

Қатысушылар кездейсоқ түрде екі топқа бөлінді. Бірінші (эксперименталды) топтағылар күніне 100 миллиграм аспирин, ал екінші (бақылау) тобындағылар плацебо қабылдады. Қатысушылардың денсаулығын бақылау орта есеппен 4,7 жылға жалғасты.

Ғалымдар эксперименталды топтағы 1000 адамның бір жылдың ішінде деменция мен мүгедектікке шалдыққанын және 21,5 өлімнің болғанын анықтады. Ал, бақылау тобында бұл көрсеткіш 21,2 құрады. Бірақ, жүрек-қан тамырлары аурулары, оның ішінде жүректің ишемиялық ауруы, жүрек талмағы және инсульттің таралуы екі топта да бірдей болды. Сонымен қатар, қан кету жиілігі аспиринді қабылдағандар арасында жоғары болып шықты. Сондай-ақ эксперименттік топта қатерлі ісік ауруларының көбейгені байқалды. Себебі аспириннің әсерін ұзақ зерттеу препараттың ісікке қарсы әсерін көрсетті.

Естеріңіз сала кетейік, шілде айында шетелдік ғалымдар қатерлі ісікпен күресу кезінде аспириннің келтірер пайдасын дәлелдеген болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау