Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар өмірді ұзартудың оңай жолдарын атады

Шылым шегу мен ішімдік сынды зиянды әдеттер адам өмірін бірнеше жылға қысқартса, білім алу мен салауатты өмір салты өмірді ұзарта түседі. 300 мыңнан астам адамның генетикалық деректеріне сараптама жасап, ата-аналарының өмір жасын бағалаған Эдинбург университетінің мамандары осындай қорытынды жасады. Зерттеушілердің еңбегі Nature Communications журналында жарық көрген.

Бұл туралы MedicalXpress сайтында хабарлайды.

Әр адамның геномында ата-анасының ДНҚ үлесі бірдей болатындықтан, гендердің өмір сүру ұзақтығына әсерін байқауға болады. Мысалы, ішімдікке үйірлікке ықпал ететін гендер арқылы ата-анадан балаға берілетін тұқымқуалаушылық әсері жанама болуы да мүмкін. Жүргізілген зерттеу жұмысының барысында биологтар адамдардың өмір сүру салтына байланысты басқа да факторларды есепке алған.

Анық болғандай, өмір бойы күніне бір қорап шылым шегу  адам өмірін орташа есеппен 7 жылға қысқартады. Алайда бұрын шылым шеккендер шылымға ешқашан жолап көрмеген адамдар сияқты ұзақ өмір сүре алады. артық салмақ пен сусамырмен байланысты басқа да факторлар да адам өмірін қысқартады. Ал 12 ай бойы қосымша білім алу адам өмірін шамамен 1 жылға ұзартады.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар емтихан алдында баланы немен тамақтандыру керектігін антықтады

Теміртауда күйіп қалған металлургтердің беті бері қарады

Ресей Денсаулық сақтау министрлігі алкогольдің пайдасы туралы мәлімдеді

Алматыдағы сауда үйінің үшінші қабатынан құлаған балаға ота жасалды

Талқылау