Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өмірді бағалай бастадым: Қайрат Нұртас жол апатынан кейінгі өмірі жайлы сыр шертті

Осыдан біраз жыл бұрын Қайрат Нұртас ауыр жол апатына ұшыраған болатын. Бір өлім аузынан қалған әнші сол кезеңде бастан кешіргені жайлы әңгімелеп берді. Ол қиын жағдайға тап болған кезде, жанында санаулы ғана адам қалғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қайрат Нұртас

Фото: Қайрат Нұртастың жеке мұрағатынан

“Өмірде мен үшін ең қорқынышты нәрсе ол жалғыздық. Әкем айтпақшы өмірде саған жаны ашитын бірнеше адам ғана жаныңда қалады, олар: әйелің, жаңұяң, туыстарың, және бір-екі досың ғана қалады деген сөздері есімде, сондықтан сол жақындарыңызды бағалай біліңіздер! Осыдан артық байлықтың керегі емес.

Расында басымнан өткен сынақтар көп, сол кезде қол ұшын бергендер санаулы. Көлік апатына түскен кез есімнен кетпейді, сол мезетте шынымен де 1 секундта болған сәт, ұзаққа созылып барлық өмірім көз алдымнан өтті.

Ауруxанада өмірге жаңа келгендей болдым, өмірді бағалай бастадым, жалғыздықты сол кезде сездім! Жанымда қалғандар, сол әкем айтып кеткен жақындарым қалды”, – дейді Қайрат Нұртас.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау