Өмір сүруге аса қауіпті мемлекеттер белгілі болды

Сейсенбі, 12 Сәуір , 2016 11:50

БҰҰ сарапшылары өмір сүруге қауіпті болып саналатын мемлекеттерді түзіп шығыпты. Қауіп деңгейі су тасқыны, жер сілкінісі секілді табиғи апаттар тұрғысынан қарастырылған.

87e0d6eb99cb396fb78a2a7861efe5da

Сурет eGuide Travel/Flickr.com

Бұл туралы nat-geo.ru хабарлайды.

Ең қауіпті аймақтар болып Мұхит аймағы, Оңтүстік Шығыс Азия және Орталық Америка елдері танылған. Зерттеуді БҰҰ-ның қоршаған орта және қауіпсіздік университетінің мамандары дайындаған. Зерттеу негізі ретінде елдегі табиғи апаттар саны, ол апаттардың деңгейі және мемлекеттің табиғи сұрапыл өзгерістермен қалай күресетіні есепке алыныпты.

Бангладеш. Бұл елде табиғи апаттармен бетпе-бет келу мүмкіндігі 19,81 пайызды құрапты. Мұндағы негізгі қорқыныш жер сілкінісіне де байланысты.

Гватемала. 20,88 пайыз. Былтырғы жылдың жазында мыңнан аса адам қатты жауған жаңбыр кесірінен пайда болған су тасқынынан зардап шекті. Жер сілкініс де бұл елде өте жиі болып тұрады. Ең бір қауіпті апат 2012 жылы болып, 42 адам қаза тапқан еді.

Филиппин. 27,52 пайыз. Бұл елде тайфун, көшкін, жер сілкінісі және су тасқыны жиі қайталанады.

Тонга. 28,23 пайыз. Мұнда жер сілкінісі әсерінен жойқын цунамилер туындайды.

Вануату. 36,43 пайыз. Елде Жаңа Гебрид архипелагына тиесілі 83 арал бар. Сәуір айының басында жойқын жер сілкінісі болып, магнитудасы 7,2 болған. Архипелаг тынық мұхитының бір бөлігі болып саналады. Мұндағы вулкандар алабы мен тектоникалық жарықтар ұзындығы 40 мың шақырымға дейін созылып жатыр.

Былтырғы жылдың бас кезінде Вануатуда “Пэм” деп аталатын циклонның аса қатты соққысы жүріп өтіп, ел астанасындағы үйлердің 80 пайызы қирап қалды. Тағы бір күрделі жағдай – су деңгейінің жыл сайын 0,5 мм-ге көтеріліп бара жатқаны. Біртіндеп біраз құрғақ жерлер мұхитқа қарай ойысып барады.

Сондай-ақ, ең қауіпті мемлекеттер қатарына Соломонов аралын (18,11 пайыз), Коста-Рика (16,94 пайыз), Камбоджа (16,9 пайыз), Сальвадор (16,85 пайыз) және Шығыс Тиморды (16,37 пайыз) қосуға болады.

Ал ең қауіпсіз елдер ретінде Швеция (2,26), ОАР (2,1), Бахрейн (1,81), Кирибати (1,78) және Исландия (1,55) елдері танылған. Үздік бестік қатарына мына елдер кіреді:

Гранада: 1,44
Сауд Арабиясы: 1,32
Барбадос: 1,16
Мальта: 0,61
Катар: 0,08

Қазақстан бұл тізімде 3,67 пайыз жинап 177 орында тұр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар