Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өмір бойы түрлі бұйымдар жинаған коллекционердің ерекше заттары

Иркутск облысындағы Байқалдың оңтүстік бөлігінде рекордтар кітабына 3 рет кірген адам тұрады. Николай Лупынин –тумысынан әр түрлі заттарды жинаушы коллекционер және ерекше бұйымдардың авторы. Коллекционердің 10 мың заттан құралған топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.

21

Оның топтамасынан – 2000 қалам, пластикалық бөтелкелерден жасалған 50 метрлі өзен макетін, кеңес кезіндегі жаңа жылдық ойыншықтарды, аудиокасеталар мен от тұтатқыштарды, барлығы 10 мың заттарды көруге болады. Топтамаларды фотограф Максим Конанков суретке түсірген екен.

preview_fd14c8f1b89b75b207d67dfad77be817

Бір қарағанда ол қылжақпас секілді көрінеді. Ол көпшілікке 2000-ға жуық жазатын қалам жинаған коллекционер ретінде танымал. Алайда, барлығы оның қаламсаптан бөлек заттардан тұратын коллекциясы барын біле бермейді. Ол пошталық конверттер мен маркалар, бөтелке қақпақтарын, тіпті үйіне келген қонақтар тізімін де жазып қояды екен. 1976 жылғы шабындыққа көмектескен адамдардың да есімдері жазылған.

15 жасынан бастап әр түрлі заттар жинай бастаған Николай Федорович барлығы 10 мың  зат жинаған екен. Одан бұларды не үшін жинайтынын сұрағанымызда оларды тастауға қимайтынын айтады.

2

Коллекционердің үйі Байқал көлі жағалауында

Бірде Николай Федорович 4 метр болатын қалыпты көлемдегі 963 қалам жинаған. Ол маймен толтырылған шарикті дезодарант арқылы жазылады. Бұл қаламдар жинағын бұрын шарикті қаламдарды жасап патенттеген венр журналисі Ладислав Бироның 115 жылдық туған күніне табыс етіпті.
3

Николай Федорович жинаған қаламдарының бір бөлігін жергілікті мектеп оқушыларын берген екен.

4

Ол Николай Валуев сыйға тартқан қаламды іздеуді

5

Бұл қаламдармен ол өзі оқушы күнінде қолданған. Сол 1965 жылдан бастап оның коллекция жинау тарихы басталған.

6

7

Тіс щетка қаламы, тарақ қаламы, ерін бояу қаламы, шприц қаламы, шеге қаламы, қылыш қаламы, термомерт қаламы

8

9

Диаметрі 6 сантиметр болатын қалам

10

Топтамадан 600 оттұтатқышты көруге болады

12

Ойын оттұтатқыштары

11

Бұл суреттердің ішінде ҰОС кезіндегі от тұтатқыштар мен пистолет түрінде жасалған оттұтатқыштар кездеседі.

13

Оттұтатқыштардың ыстық және өрт сөндіруге арналған түрі бар

14

16

Барлық заттар өзінше ерекше және олардың әрқайсысы иесіне қымбат

17

Кеме және үтік түріндегі от тұтатқыштар

18

Кеңес Әскері Батырларының суреті бар конверттер сериясы түелімен қамтылған. Суретшілер мен жазушылар сериясы және пошталық маркалар да бар.

19

Николай топтамадағы заттарын үнемі сатып ала бермейді. Оны біреулер сыйға беріп жатады.

20

Ол Байқал жағасына туристердің тастап кеткен бөтелкелерін жинау үшін тұрғындарды шақырған. Алайда, өзі көмекті күтпестен екі күн ішінде 1000 бөтелке жинаған.

21

Олардың қақпақтарынан Байқал көлінің макетін жасаған.

22

800 мыңға жуық бөтелке қақпақтары түсіне қарай топтастырылған. Олардың тарихы өзінше бір бөлек.

23

Өткен ғасырдың қалта сағаты. Оң жақтағы 1905 жылғы сағат.

24

Аю тамақтанған консервілі банкі және аюдың табаны.

25

26

Мына дәптерге Николай 1976 жылдан бері Ресейдің әр қалаларынан келген қонақтар тізімін жазады екен. Достары мен туыстары, облыстан, әр аймақтан келген адамдар, журналистер есімі де жазылған. Өзге елден келген саяхатшылар, тіпті Чарли Чаплиннің туыстары да жазылған екен. Сондай-ақ сурет авторлары да кездеседі.

Талқылау