Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Омбылық әйел ұйқыдағы ұлын құшақтаған күйі 9-қабаттан секіріп кетті

Бейсенбіге қараған түні Омбы қаласында жеке өміріндегі қиындықтардан қажыған әйел сегіз жасар ұлымен бірге тоғызыншы қабаттан секіріп кетті, екеуі де сол жерде жантәсілім етті.

2311-600x337

Бұл туралы РФ Тергеу комитетінің Тергеу басқармасы хабарлады, деп жазды РИА Новости.

«Алдын ала болжам бойынша, 2016 жылы 13 қазан күні түнгі уақытта отыз жастағы жергілікті тұрғын ұйықтап жатқан сегіз жасар баласын қолына алып, тоғызыншы қабатта орналасқан пәтер терезесінен секіріп кеткен. Жерге құлаған ана мен бала сол мезетте көз жұмған», – делінген хабарламада.

Тергеу комитетінің хабарлауынша, күйеуімен ажырасып жатқан әйел ата-анасымен бірге тұрған. Секірерден бұрын жеке себептеріне байланысты бұл қадамға барғанын түсіндірген хат қалдырып кеткен.

Жіберіп алмаңыз:

Жүргізуші жанармай бекетіндегілердің бензинді қалай “жейтінін” көрсетті (видео)

Зәулім үйден ішінен 110 жыл бойы адам аяғы тимеген елесі бар бөлме табылды

Адам танымастай бетінен айырылған жігіт 15 жылдан соң өмірге қайта оралды (фото, видео)

Сәбилерді фототүсірілімге қалай дайындайтынын білесіз бе? (видео)

Әлемде талай қызық бар: Атақты адамдардың өмірде болған оқиғалары

Талқылау