Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Омбыда саясаткер туу көрсеткішін арттыру үшін Қазақстаннан ер адамдарды әкелуді ұсынды

Омбы қаласы әкімдігіне кандидат Дмитрий Перевальский Қазақстандық ер адамдар Омскідегі туу көрсеткішінің жоғарылауына ықпал ете алатынына сенімді.

Сурет: Дмитрий Перевальский. Ғаламтор желісінен

Бұл туралы СуперОмск басылымы хабарлайды.

44 жастағы зейнеткердің пікірінше, қазақстандық жігіттерді арнайы мақсатта Ресей қаласына әкелуге болады. Мұнда олар іздеген жарына жолығуы мүмкін екен.

«Біздің жастарға отбасын құруды үйрету керек. Олар отбасы болудың қыр-сырын білмейді. Сондықтан Солтүстік Қазақстанға назар аударған жөн. Ол жақта Омбы қаласына келуге ниетті жігіттер көп. Қала шенеуніктері курстар өткізіп, жастарға арналған лагерь, би кештерін ұйымдастыруы тиіс. Ол жерде қалалық қыздар қазақстандық жігіттермен таныса алады», – дейді Перевальский.

Саясаткер қаладағы арулардың өмірлік серігін кезіктіре алмай жүргеніне қапаланады екен. Себебі мұндағы бірқатар ер адамдар шалғай жерлерде тұрса, енді бірі кезекшілік әдіспен жұмыс жасайды. Сонымен қатар ішімдік, есірткіге әуес, жұмыссыз ер адамдар да баршылық.

Омбы қаласы әкімдігіне үміткер ретінде 37 адам ұсынылған. Әзірге омбылық саясаткердің сөзіне Солтүстік Қазақстан тұрғындарының жауабы қандай болатыны белгісіз.

Оқи отырыңыз:

Қырғызстанда президенттікке сайлауға түскен Өмірбек Бабанов қызметінен кетті

Қытайда қамауда отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры жаңа жылға дейін шешіледі

Спорттан шеттетілген Илья Ильин 2020 жылы Олимпиадаға қатысуы мүмкін

Нұрлы жол, Нұр әлем, Хан шатыр: Алматыда 100-ден астам көшенің атауы өзгертілмек

Талқылау