Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Омбыда қазақ қызы «MISS ASIA-2016» жеңімпазы атанды

Омбы мемлекеттік қызмет көрсету институтының акт залында «Мисс Азия-2016» конкурсының шешуші сыны өтті. Әрбір қатысушы өзіне жүктелген міндетті тамаша атқарып шықты, солайша өз мемлекеттерінің намысын абыроймен қорғады. Алайда олардың ішінен қазақстандық Айза Базғиева үздік деп танылды.

20160502004802

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Айза Базғиева Омбы ІІМ академиясында 3-курста оқиды.

Финалдық кезең басталмас бұрын берген сұхбатында ол конкурсқа дайындық кезінде әлеуметтік желілерде өзі туралы біраз теріс пікір айтылғанын мойындады. Оған қарамастан, ару қыз өзін қолға алып, пікірлерді елемеуге тырысқан. Дегенмен, осы сөздерді айтып тұрған сәтінде оның көзіне жас іркілді.

20160502010337

dddd

Талқылау