Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ гей-клубында атыс жасаған лаңкестің әйелі күйеуімен сыбайлас болуы мүмкін

Орландодағы гей-клубта қырғын салған Омар Матиннің әйелі оған бұл қылмыста сыбайлас болған болуы мүмкін.

1465798249-7511

Сурет: www.unian.net 

Еске сала кетсек, жексенбі, 12 маусым күні түнде Орландо қаласындағы гей-клубта болған Матин жаудырған оқтан 50 адам қаза тауып, 53 адам зардап шеккен. Полиция 3 сағаттық атыстан кейін күдіктіні атып өлтірді.Лаңкестің бұрынғы әйелі оның жүйке ауруына шалдыққанын айтқан. Орландо  гей-клубындағы террорлық шабуылдауды “ИМ” ұйымы өз мойнына алған. Лаңкестің курстасы оның гомосексуалды құпия өмірі жайлы айтып берген.

Осыған дейін 30 жастағы әйел Нур Захи Салманның Омар Матиннің теракт жасауы мүмкін екендігін білгендігін хабарланған. Қазір ФТБ агенттері оны бастан аяқ тергеп, істің анық-қанығын зерттеп жатыр.

Егер әйелдің күйеуіне сыбайлас болғаны дәлелденсе, оған «49 адамды өлтіріп, 53 адамды жаралады» деген айып тағылып, сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Fox News. ФТБ агенттері осыған байланысты түсініктеме беруден бас тартып отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Киев төрінде гей-шеру өтті

Бельгиялық гей эвтаназияға рұқсат сұрады

Талқылау