Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: Айыпталушы 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қазақтың белгілі ақыны Олжас Сүлейменовтің жол апатынан қаза тапқан немересі Ескендір Сүлейменовтің өліміне қатысты сот жалғасып жатыр. Прокурор айыпталушы Малика Мұхитованы 2 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: Айыпталушы 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Бүгін, 9 қарашада, 26 жастағы Ескендір Сүлейменовтің өліміне қатысты сот отырысы өтті.

«Ескендір Сүлейменовтің Ұлы Дала көшесінің қиылысын бағдаршамның жасыл түсі жанып тұрған кезде өтпек болғаны анықталды. Мына жайға мән бере кету керек: ол (Сүлейменов – авт.) көше қиылысының 80 пайызын өтіп, қозғалысын аяқтауға жақын қалған (…) Жүргізуші көлігімен солға бұрылу кезінде қарама-қарсы бағытта келе жатқан көлік құралына жол беруі керек», – дейді мемлекеттік айыпталушы.

Прокурордың сөзінше, аталған іс бойынша айыпталған Малика Мұхитованың ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағына (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес кінәсі дәлелденген.

Сот отырысы барысында мемлекеттік айыптаушы Мұхитоваға қатысты 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауын және жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің минималды қауіпсіздік мекемесінде өтеуін сұрады.

«Құрметті сот, жазалау мәселесін шеше отырып, әділетті жаза түрін айқындау үшін барлық фактілер ескерілуі керек деген ойдамын. ҚР Қылмыстық кодексінің 53-ші және 54-ші баптарына сәйкес, айыпталушының жазасын жеңілдететін және ауырлататын жайттардың бәрі ескерілуі тиіс. Жеңілдететін тұсқа айыпталушының қылмысты бірінші рет істеп отырғанын, ісіне өкінетіндігін жатқызуға болады. Ал жазаны ауырлататын тұсты айыптаушы тарап көріп отырған жоқ. Осылардың бәрін ескере келе, Малика Мұхитованы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостандығынан айыру, көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыру жазасын тағайындау сұралады», – дейді прокурор Бараев.

Естеріңізге сала кетейік, 22 маусымда Астанадағы «Мәңгілік Ел» және Керей-Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол апаты орын алды. Жазатайым оқиға кезінде жас мотоциклист қаза болды. Кейіннен оның танымал жазушы Олжас Сүлейментің немересі Ескендір Сүлейменов болғаны белгілі болды. Ал оны көлігімен қағып кеткен Малика Мұхитова полиция полковнигінің қызы болып шықты.

Бұған дейін Олжас Сүлейменовтің немересін қағып өлтірген қыз марқұмның ата-анасынан кешірім сұраған еді. Ал оның қорғаушысы өтемақы төлеуге дайын екендерін айтқан. Мұнан кейін айыпталып жатқан Малика Мұхитовадан 14 миллион 753 мың теңге көлемінде материалдық шығынды өтеуі талап етілген еді. Артынша марқұмның анасы сот төрағасының талабы бойынша материалдық шығын өтемақысын сұрағандарын айтты.

Ал бүгінгі сот отырысында марқұмның ата-анасы материалдық шығыннан бас тартты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар