Олжас Сүлейменовтің кітабы итальян тілінде жарық көрді

Дүйсенбі, 7 Желтоқсан , 2015 7:17

Қазақтың көрнекті жазушысы Олжас Сүлейменовтің 17 жыл бұрын жарық көрген «Жазба тілі» атты кітабы итальян тіліне аударылды. Ғылыми туындысын ел астанасы Римде өткен жазушылар мен баспагерлердің дәстүрлі жәрмеңкесінде оқырмандарына автордың өзі таныстырды.

олжас сулейменов

Ал кітаптың идеясы Олжас Сүлейменов Қазақстанның Италиядағы елшісі болып тағайындалған кезде, сонау 90-жылдары туындаған екен. Жас дипломат ежелде осы түбекті мекен еткен халықтың тарихына үлкен қызығушылық танытып, ұзақ ізденіс жасапты. Кейін осы кітап арқылы жазушы дүниеге сөз бірінші келді ме, әлде белгілер ме деген сұраққа жауап береді.

«Мен тіл білімдерімен бұрын да айналысқанмын. Ежелгі этрусктардың құпиясы ашылмаған жазуларын көріп, қатты қызығып кеттім. Зерттеуге біраз уақыт жұмсадым. Осылайша, этрусктар туралы, яғни сөздердің жазумен байланысты тарихы баяндалған кітап дүниеге келді», – дейді Олжас Сүлейменов.

.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар