Олжас Сүлейменов немересінің өліміне кінәлі Мұхитованы кешіруді сұрады. Марқұмның ата-анасының пікірі қандай?

Белгілі жазушы Олжас Сүлейменов Астананың қалалық сотына хат жазып, немересі Ескендір Сүлейменовтің өліміне алып келген жол апатына себеп болған бойжеткенді кешіріп, бас бостандығынан айырмауды сұраған еді. Алайда марқұмның ата-анасы Малика Мұхитованы кешірмегендерін және жазушының өтінішімен келіспейтіндерін айтып отыр, деп хабарлайды «Время» газетіне сілтеме жасап Stan.kz.

Олжас Сүлейменов немересінің өліміне кінәлі Мұхитованы кешіруді сұрады. Марқұмның ата-анасының пікірі қандай?

Марқұмның әкесі Сергей Ханның сөзінше, ол Олжас Сүлейменовтің хаты туралы хабардар. Алайда ол бұл Ескендірдің атасының жеке ұстанымы екенін айтып отыр. Ал өзінің және жұбайы Лейла Сүлейменованың пікірі бөлек көрінеді.

Олардың пікірінше, Малика Мұхитова тиісті жазаны алуы керек.

Сонымен қатар басылым аталған істің кейбір заңгерлік тұстарын түсіндіріп өтті. Анықталғандай, Олжас Сүлейменов бұл қайғылы жағдайда жәбірленуші ретінде көрсетілмеген. Іс материалдарында жәбірленушілер қатарында тек Сергей Хан мен Лейла Сүлейменова бар.

Сондықтан сот белгілі жазушының хатын есепке алмайды деп күтілуде.

Қорғаушы Альмира Шайхинаның айтуынша, аппеляциялық сот алқасы жол апатына кінәлі Мұхитованың жазасын жеңілдетуі мүмкін. Алайда бұл жағдайда жәбірленушілердің, яғни марқұмның ата-анасының пікірін ескеру қажет.

Заңгердің сөзінше, Олжас Сүлейменовтің хаты сот үкімін өзгертуге негіз бола алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, 22 маусымда Астанадағы «Мәңгілік Ел» және Керей-Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол апаты орын алды. Жазатайым оқиға кезінде жас мотоциклист қаза болды. Кейіннен оның танымал жазушы Олжас Сүлейментің немересі Ескендір Сүлейменов болғаны белгілі болды. Ал оны көлігімен қағып кеткен Малика Мұхитова полиция полковнигінің қызы болып шықты.

Бұған дейін Олжас Сүлейменовтің немересін қағып өлтірген қыз марқұмның ата-анасынан кешірім сұраған еді. Ал оның қорғаушысы өтемақы төлеуге дайын екендерін айтқан. Мұнан кейін айыпталып жатқан Малика Мұхитовадан 14 миллион 753 мың теңге көлемінде материалдық шығынды өтеуі талап етілген еді. Артынша марқұмның анасы сот төрағасының талабы бойынша материалдық шығын өтемақысын сұрағандарын айтты. Біраз уақыттан кейін марқұмның ата-анасы материалдық шығыннан бас тартты.

Ал таяуда Малика Мұхитоваға қатысты сот үкімі шығып, ол 2 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Артынша Олжас Сүлейменов немересі көз жұмған апатқа кінәлі қызды бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр